Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 374.2
EUR | KZT 420.34
RUB | KZT 5.52
Көкшетау қ.
-6 °C
2018 ж. қарашаның 14
Жаңғырған «Аққу» балабақшасы

Көкшетау қаласының әкiмi Ермек Маржықпаев мемлекеттiк-жекеменшiк әрiптестiк аясында қайта жаңғыртылған «Аққу» балабақшасын аралап көрдi.

Өз сөзiнде қала басшысы күрделi жөндеуден өткен мектепке дейiнгi бiлiм беру мекемесi жаңа оқу жылында бүлдiршiндерге лайықты тарту болғанын ерекше атап өттi. — Мемлекет пен кәсiпкердiң ортақ мүддеге бiрлесе әрекет жасауы — қаламыздағы балдырғандардың балабақшамен қамтылуына ықпал етуде. Көкшетауда бұдан бөлек алты балабақша бойынша мемлекеттiк-жекеменшiк әрiптестiк бойынша келiсiмшарт жасалуда, — дедi ол өз сөзiнде.

Мердiгер компания «Дельта-пв» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi мемлекеттiк-жекеменшiк әрiптестiк аясында 150 миллион теңге қаражат жұмсаған. Жиһаздар жергiлiктi тауар өндiрушiлердiң өнiмi. Мысалы, балдырғандарға арналған төсек жаймаларын зағиптар қоғамының қызметкерлерi тiккен болса, жиһаздарды жергiлiктi кәсiпорын құрастырып берген. Мұнда электр желiсi, сантехника, кафельдер, блоктар, бассейн жаңартылып, ғимарат маңайы абаттандырылған.

Бөбекжайдың ауласынан бастап көзге оттай басылған жинақылық ғимараттың әр бөлмесiнен орын алған. Мұнда балғындардың физикалық және психологиялық денсаулығын нығайту мен сақтауға арналған жағдай жасалған. Жүзу бассейнi, спортзалы, асхана, компьютер сыныбы, акт залы балдырғандардың игiлiгiне жұмыс iстеп тұр. Балалар денсаулығына пайдалы тұз шахтасы да орналасқан. Көзге түрткi, аяққа оралғы басы артық зат жоқ.

Осыдан 27 жыл бұрын тәуелсiз ел бүлдiршiндерiне есiгiн айқара ашқан 330 орындық балабақша көз алдыңызға ертегiдегi ғажайып сарайларды елестетедi. Ғимарат маңайы дизайны ерекше шамдармен жарықтандырылған. Мұндай кешен бұрынғы Кеңес Одағы тұсында Рига мен Санкт-Петербургта ғана болған. Қопа көлiнiң жағалауына жақын жерден орын тепкен қайталанбас бiрегей туындыны №2 Көкшетау құрылыс тресi тұрғызды. Балабақша жел электр станциясымен жабдықталды.1991 жылы бiрегей кешенде Германия, Англия, АҚШ, Түркия, Қытай, Оңтүстiк Африка елдерiнiң арнайы делегациялары, кәсiпкерлер, Уокешо қаласының тұрғындары болды.

Ата-аналар да балабақшаның қайта жаңғырғанына дән риза. — Балам таңертең өзi тұрады. Бiз жұмысқа, ол бақшасына дайындалады. Әсiресе, бiз, ата-аналар қауымы жылы едендердi көргенде қатты қуандық. Өйткенi, аяғы жылы жүрген баланың денi сау болады. Ойыншықтары, жататын орындары бәрi-бәрi көңiлiмiзден шықты, — дейдi Назгүл Шапауова есiмдi ата-ана.

Мақаланың шыққан күні: 13.09.2018
Қаралым саны: 128
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Біздің сайтқа не арқылы кірдіңіз?