Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 386.34
EUR | KZT 427.25
RUB | KZT 5.88
Көкшетау қ.
23 °C
2019 ж. тамыздың 24
Жеңіс күніне арналған эстафета

Ұлы Жеңiстiң 74 жылдығына орай «Көкшетау» және «Степной маяк» газеттерiнiң жүлдесi үшiн жүгiруден дәстүрлi эстафета өттi.

Абылай хан алаңында эстафетаға дайындалып, әртүрлi жаттығулар жасап, бой жазып, дене қыздырып жүргендер қарасы қалың болды. Осылай, дүбiрi қыздырып, ширыға келген жарысты Көкшетау қаласының әкiмi Амангелдi Смайылов құттықтау сөз сөйлеп ашты. «Жеңiлатлетикалық эстафета жарысы 1947 жылдан бастау алады. Осындай дәстүрлi эстафетаға қатысушылар қатарының жыл санап артып келетiнi қуантады. Мұның өзi көкшелiктердiң салауатты өмiр салтына деген ықылас-ынтасының айқын нышаны», — дедi қала басшысы. Одан кейiн қала әкiмнiң өзi бастап, спорт ардагерлерi, қалалық мекемелер басшылары, екi газет қызметкерлерi мәре сызығына тұрып, жарыс жолына шығып, дәстүрлi шараға құрмет ретiнде алғашқы қашықтықты жүгiрiп өттi. Содан кейiн шыңдалып, дайындықпен келген 24 команда спортшылары бәсекеге түстi. Абай көшесiмен жоғары өрлеп, Сағдиев, Темiрбеков, Жеңiс, Кенесары, Глинин, Қанай би көшелерiн кесiп өтiп елiмiздiң Көкбайрағы асқақ желбiреген тутұғырға дейiн барып, одан керi жарысқан спортшыларды қала тұрғындары тұс-тұстан ұрандап, қолдап жатты.

«Дәстүрлi эстафетаның жалғасын табуы — жастардың табандылығының, қоғамның қырағылығының, өткенге құрметтiң, болашаққа сенiмнiң белгiсi. Қос басылымды өздерiне сырлас, дос, әрiптес санайтын қала жұртшылығы осы сезiмдерiн, қолдау, ниеттерiн аталмыш эстафетаға қатынасу арқылы бiлдiрумен келедi. Мұның өзi қалада бұқаралық спортты дамытудың игi дәстүрi қалыптасып келе жатқанын байқатады», — дейдi жарыстың бас төрешiсi Игорь Василинчук.

Жарыс қорытындысы бойынша ұйымдар, ЖОО, колледждер мен мектептер бойынша ерлер арасында Төтенше жағдайлар департаментi, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетi, қазақ гуманитарлы-техникалық колледжi, №1 орта мектеп бiрiншi орыннан көрiндi. Қыздар арасында бiрiншi орын «Тыныс» АҚ, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетi, Красный Ярдағы №6 агротехникалық колледжi мен №6 мектепке бұйырды.

Жеңiмпаз командаларды және оза шапқан жүлдегерлердi «Көкше-Media» ЖШС-нiң директоры Жалғасбек Сүлейменов құттықтап, кубок, естелiк медальдар мен дипломдар табыс еттi.

Осылайша, «Көкшетау» және «Степной маяк» газеттерiнiң дәстүрлi эстафетасы биыл да мерекедегiдей салтанатпен, тартымды да тартысты өттi.

Мақаланың шыққан күні: 10.05.2019
Қаралым саны: 115

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіздің жасыңыз?