Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 386.82
EUR | KZT 428.67
RUB | KZT 5.86
Көкшетау қ.
19 °C
2019 ж. тамыздың 19
Назарда – білім беру нысандары

Қала әкiмi Ермек Маржықпаев жұмыс бабындағы iс сапармен облыс орталығындағы бiрнеше нысанды аралап, қазiргi тыныс-тiршiлiгiмен танысты.

Шаһар басшысы алдымен балалардың таным-түсiнiгiн бүгiнгi заманға сай дамытуды көздейтiн «Мега интеллект» орталығына барды. Көкшетау қаласында 2015 жылы ашылған орталықта ментальды арифметика арқылы балаларды тез ойлап, тез санауға

баулиды. Яғни, мидың сол және оң жағы қатар қосылғанда баланың есту, қабылдау, тапсырмаларды тез орындау сияқты қабiлеттерi ашылады. Мұнда 6 мен 12 жас аралығындағы балаларды қабылдайды. Аптасына бiр рет, үш сағат оқиды. 4 бағдарламадан тұрады. Атап айтқанда: «Мега арифметика», «Мега жылдам оқу», «Мега математика», «Мега Kids» және «Мега ағылшын». Ермек Боранбайұлына оқушылардың жетiстiктерi көрсетiлдi. 7 жасар Аяулым «Мега интеллект» орталығындағы қабiлеттi оқушылардың бiрi. Ол қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, тақтаға жазылып жатқан сандарды iштей қоса алады. Тағы бiр айта кететiн мәселе, Аяулым «Орт» телеарнасындағы Максим Галкин жүргiзетiн «Лучший всех» хабарына шақырту алыпты. Жақында осы бағдарламаға жол тартпақ. Сабақта отыр-

ған тағы бiр-екi оқушы да өз қабiлетiн ортаға салып, келушiлердi таң қалдырды. Қала әкiмi орталықтың жұмысына көңiлi толатынын жеткiздi. Шаһар басшысы №2 мектептiң ескi ғимаратында жүргiзiлiп жатқан ағымдық жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Бiлiм ошағының спортзалының еденi мен терезесi ауыстырылуда. Бұл мақсатқа 15 миллион теңге бөлiнген. Жұмыстарды 15 тамызға дейiн аяқтау жоспарланып отыр. Ермек Боранбайұлы жаңа оқу жылына де-йiн бәрi дайын болуы тиiс дедi. Жөндеу жұмыстарының сапалы жүргiзiлуiне көңiл бөлiнуiн де қадап тапсырды.

Мақаланың шыққан күні: 14.06.2017
Қаралым саны: 540

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіздің жасыңыз?