Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 379.36
EUR | KZT 424.47
RUB | KZT 5.88
Көкшетау қ.
7 °C
2019 ж. мамырдың 27
Әскери-патриоттық әндер байқауы өтті

Жеңiс күнi қарсаңында Тәуелсiздiк алаңында қалалық бiлiм басқармасының ұйымдастыруымен мектептер арасында дәстүрлi саптық жүрiс, патриоттық әндер байқауы өттi.

Шараға соғыс арда-герлерi, тыл еңбеккерлерi, жауынгер-интернационалистер қонақ ретiнде шақырылды. Байқауға қатысушылар алдында сөз сөйлеген қала әкiмi Амангелдi Смайылов осындай шаралардың өткiзiлуi жастарға рухани тәрбие берiп, отансүйгiштiкке баулудың негiзi болып табылатынын атап өттi.

Байқау барысында командалар саптық жүрiспен жүрiп өтiп, патриоттық тақырыптағы әндердi шырқады. Сонымен қатар олар теория жүзiнде алған бiлiмдерiн практикада да сынап көрдi. Түрлi сала мамандарынан құралған қазылар алқасы орындаушылардың сахналық киiмдерiн, ән шырқаудағы дауыс ырғағын бағалады. Жүзден жүйрiк, мыңнан тұлпар атанған жеңiмпаздар мен жүлдегерлер арнайы марапатталды. Үшiншi орыннан көрiнген №14 орта мектепке қала әкiмiнiң атынан алғашқы әскери дайындық кабинетiнiң материалдық-техникалық базасын нығайтуға 75 мың теңгенiң, екiншi орын алған №7 орта мектепке 100 мың теңгенiң, бiрiншi орынды олжалаған М.Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы мектеп-гимназиясына 150 мың теңгенiң сертификаттары табыс етiлдi. Үздiктер қатарынан көрiнген №8 орта мектеп взводы 200 мың теңгенiң Гран-при жүлдесiн жеңiп алды. Алғашқы әскери дайындық оқытушы-ұйымдастырушысы — Сейiтжан Жүсiпов. Взвод командирi, 11 сынып оқушысы Мағжан Қайырымденов қазақ күресiнен қалалық, облыстық жарыстардың бiрнеше дүркiн чемпионы.

 

Мақаланың шыққан күні: 14.05.2019
Қаралым саны: 42

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіз қандай санатқа жатасыз?