Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 389.86
EUR | KZT 435.32
RUB | KZT 6.12
Көкшетау қ.
-1 °C
2019 ж. қазанның 22
Жастар акциясы өтті

«Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» ММ-де «Нұр Отан» партиясының бастамасымен Көкшетау қаласының жоғары оқу орындары мен колледждерiнiң түлектерi арасында «Жұмыспен қамту» жастар акциясы өткiзiлдi, аталған акцияға 50 адам қатысты.

Акцияның мақсаты — жастарды жұмысқа орналастыру.

Н.Назарбаев өзiнiң Жолдауында елiмiздiң дамуындағы жастардың маңызды рөлiн ерекше атап өттi. Жастар — мемлекеттiң болашағы, 2019 жыл Жастар жылы деп жарияланды. Бұл мемлекеттiң жас ұрпаққа үлкен назар аударатындығын, жастардың әл-ауқаты мен дамуын қамтамасыз етуге, патриоттық тәрбиенi қалыптастыруға бағытталған мемлекеттiк бағдарламаларды қабылдайды, жан-жақты тұлғаның дамуына мүмкiндiк бередi, бiлiм алуға, өз iсiн ашуға, бiлiктiлiгiн арттыруға, дағдыларды қалыптастыруға құқық бередi, сондай-ақ оқу орны жанынан жатақхана салынатынын, дене шынықтыру мен спорт дамып келе жатқанын, жастарға кредит беру бағдарламалары мен тұрғын үй құрылысы енгiзiлгенiн көрсетедi.

Көкшетау қаласының «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нiң мына мекенжайына хабарласыңыз барлық қызықтырған сұрақтарға жауап бередi және көмектеседi: Сүлейменов көшесi, 23/2.

 

Мақаланың шыққан күні: 22.05.2019
Қаралым саны: 248

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіз қандай санатқа жатасыз?