Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 374.2
EUR | KZT 420.34
RUB | KZT 5.52
Көкшетау қ.
-6 °C
2018 ж. қарашаның 14
Қопа көлінде жазғы демалыс аймағы ашылды

Биыл көкшетаулықтардың және қала меймандарының жазғы демалысын ұйымдастыру шаралары белсендi түрде жүргiзiлуде. Айдын көлдiң жағалауына қоныстанған қала болғандықтан, келушiлерге туристiк және сервистiк қызмет көрсету мақсатында жазғы демалыс аймағы ашылды. Биылғы жылдың 6 айы iшiнде қалаға 10 мыңнан аса туристер ат басын тiреген. Шiлденiң ыстығында шомылу маусымы күнiне 2 мыңдай көкшетаулықты жинауда. Осыдан төрт жыл бұрын көлге жақын орналасқан жекеменшiк тұрғын үйлер алынып, оның орнына осызаманғы өскелең талаптарға сай демалыс және сауда орындары, тұтас тұрғын үй кешендерi бой көтеруде. Негiзгi жағажай Горький көшесi бойындағы теннис орталығы мен «Жансая» жаңа тұрғын үй кешенi маңында жасалды. «Куйбышев және Горький көшелерi тұсынан Қопа көлiнiң жағалауында жағажай аймағы абаттандырылды, маңайы қоршалып, құмы ретке келтiрiлдi, киiнiп-шешiну кабиналары, орындықтар, биотуалеттер орнатылды, жазғы дәмхана салынды. Жалпы, жоба құны 7 миллион теңгенi құрап отыр. Қазiргi уақытта қысқы дәмхана құрылысы жүруде», — дейдi облыстық туризм басқармасының басшысы Данияр Идиятов.

Бұған дейiн Қопа көлiнiң жағалауында инфрақұрылымы толық сақталған жағажай болған емес. Демалысқа лайықты коммуналдық және сервистiк қызмет көрсетiлмегендiктен әркiм өз бетiнше суға шомылуды әдетке айналдырды. Ендi ресми түрде ашылған жағажайдың судан құтқарушылары, тәртiптi қадағалаушылары бар. «Бiз жағажайға келушiлерге қазақ және орыс тiлдерiнде дайындалған жадынамаларды таратамыз. Тыйым салынған ережелердi түсiндiремiз, кеңес беремiз. Қарапайым да қажеттi ескертпелер бар. Одан арыға жүзудiң қауiптi екенiн ескертетiн белгiлер орнатылған, биiк бақылау мұнарынан құтқарушылар қарап тұрады, қайық, басқа құрал-жабдық, бәрi дайын», — дейдi шұғыл құтқарушылар отряды жетекшiсiнiң орынбасары Талғат Айтпаев.

Көлдiң экологиясына керi әсер тигiзбеу мақсатында жағажайда тазалық бейсенбiлiктерi ұйымдастырылуда. «Жазғы демалыстың қазiргiдей қызған шағында қаламыздың тазалығын сақтауға бiз де өз үлесiмiздi қосқымыз келедi. Сол себептi тазалық бейсенбiлiгiне өз ұжымымыз болып бiр кiсiдей қатыстық. Мұндай шараны алдағы уақытта дәстүрге айналдыру керек. Өйткенi, қаламыздың тазалығы ешкiмдi бейжай қалдырмауға тиiс»,–деп пiкiрiн бiлдiрдi Көкшетау қаласы қаржы бөлiмiнiң бюджеттiк сектор меңгерушiсi Гүлнар Құстаева.

Жағажайға келiп демалушылар катамаран және су скутерлерiнiң қызметiн, батутты пайдалана алады. Күнге қыздырынып кетпеу үшiн жағажай бойынша зонттар орнатылды және шешiнетiн орындар жасалды. Су қашанда адамға көтерiңкi көңiл сыйлайды, сергiтедi. Суға түссең, шаршағаның басылып, жаның жадырайды. Жаз шыға жұрттың су iздеп, көлiкке отырып, өзен-көлдi жағалап кетерi сондықтан. Ал, қала iргесiнде Қопадай шалқыған шалқар көлдiң болуы үлкен қуаныш, таптырмас олжа. Мiне, қаланың Куйбышев көшесiнiң көлге тiрелетiн тұсынан арнайы жағажайдың ашылуы қала халқына жаңа бiр тыныс болды.

Мақаланың шыққан күні: 12.07.2018
Қаралым саны: 119
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Біздің сайтқа не арқылы кірдіңіз?