Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 379.86
EUR | KZT 422.97
RUB | KZT 5.85
Көкшетау қ.
7 °C
2019 ж. сәуiрдiң 26
«Жұлдызай» фестивалі өтті

Жыл сайын дәстүрлi түрде өтетiн байқау бұл жолы Жастар жылына арналды. «Nur Otan» партиясының «Кедергiсiз келешек» партиялық жобасының «Инклюзивтi бiлiм берудi дамыту» бағытын жүзеге асыру шеңберiнде ұйымдастырылған байқауға облыстың әр өңiрiнен келген мүмкiндiгi шектеулi 65 жас дарын қатысып, бақ сынады. Хореография, вокал, аспаппен ән шырқау және ым-ишарамен ән айту тәрiздi төрт аталым бо-йынша өткен байқаудың қорытындысына сай таңдаулылар республикалық кезеңге, яғни, гала-концертке қатысатын болады. Байқау қатысушыларының барлығы дерлiк аймақтағы жалпы және орта арнайы мектептерде оқитын тiрек-қимыл аппараты бұзылған, психикалық даму деңгейi тежелген, есту және көру қабiлеттерiнен айырылған мүгедек балалар. Айта кетейiк, 13 жылдық тарихы бар «Жұлдызай» фестивалiне Қазақстанның түкпiр-түкпiрiндегi мыңдаған бала қатысқан. Жоба нәтижесiне сай көптеген балалар елiмiздiң жоғары оқу орындарында шығармашылықтарын жалғастырды.

 

Мақаланың шыққан күні: 10.04.2019
Қаралым саны: 33

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіз қандай санатқа жатасыз?