Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 361.15
EUR | KZT 414.71
RUB | KZT 5.53
Көкшетау қ.
-0 °C
2018 ж. қазанның 24
Қамданған қапы қалмайды

Әкiмдiктiң кезектi аппарат мәжiлiсiнде қала басшысы Ермек Маржықпаев отын-энергетика кешенi және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарының қысқы маусымға дайындығы туралы мәлiметтердi пысықтады.

«Көкшетау Жылу» коммуналдық кәсiпорнының директоры Сергей Жуков қала бойынша әлеуметтiк сала нысандары мен тiршiлiктi қамтамасыз етушi кәсiпорындардың биылғы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары тыңғылықты жүргiзiлгендiгiн жеткiздi. Оның iшiнде бiлiм беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандарында жөндеу жұмыстары 100 пайызға орындалған. Қыстан қиындықсыз шығу үшiн қалада жылу желiлерi жаңартылып, көмiрдiң жеткiлiктi қоры жасалды. Жылу жүйелерiндегi температуралық, гидравликалық режимдердi үздiксiз, бiрқалыпты ұстап тұруға арналған дербес қазандықтар жылу маусымына толықтай әзiр. Бiр қазандық қосалқы сақталуда. Әкiм сондай-ақ, қаланың тiршiлiк қарекетiне байланысты жүйелiлiк мәселелердi шешу қажеттiлiгiн атап өттi. Оның сөзiне қарағанда, ағымдағы мәселелердiң шешiлуi коммуналдық қызмет жұмысының реттелген механизмi сияқты өтуi қажет. Олардың iшiнде — жылыту маусымына дайындық, қоғамдық көлiктiң тиiмдi жұмысы, қаланың жақын әрi шет аумақта орналасқан аудандарын дамыту. Жалпықалалық сенбiлiктерде тек қоқыс жиналып қоймай, ағаштар әктелдi, газондар қураған жапырақтардан тазартылды. Алайда, қала басшысы көптеген мекемелер мен құрылыс алаңдарының маңы санитарлық талапқа сай еместiгiн сынға алды. Осы ретте жергiлiктi полиция қызметiнiң басшысы Серiк Зейнуллинге қоқысты көшеге төгетiндермен күрестi күшейтудi тапсырды. Кезектi жиынды қорытындылаған қала әкiмi сала жетекшiлерiне тағы да нақты тапсырмалар жүктедi.

«Көкше-ақпарат».

Мақаланың шыққан күні: 09.10.2018
Қаралым саны: 49
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус