Көкшетау қаласының
ресми интернет-ресурсы
Биіктіктен құлау жазатайым оқиғалар салдарының алдын алу шаралары

Жыл сайын жаз мезгiлiнде жарақат алу, тiптi кiшкентай баланың терезеден құлап мерт болу жағдайлары тiркеледi.

Басым көпшiлiк жағдайда ондай бақытсыздық себептер ересектердiң алаңғасарлығынан, балалардың бақылаусыз қалуы мен терезенi жабу ұмытқандығы, сондай-ақ пәтердегi жиһаздардың дұрыс емес орналасуы салдарынан. Кейде ата-аналардың өздерi балаларын терезеге шығара отырып, оларды тақтайына тұрғыза отырып, терезенiң ар жағында не бар екенiң көрсетедi. Одвн әрi бала мамасы мен папасына сене отырып, терезе тақтайында отыру қауiпсiз деген қорытынды жасайды. Сондықтан да, қасында жақындары жоқ кезде балада терезеге өзiм мiне алам деген ой туады.

Ата-аналардың үлкен қателiгi деп, олардың көпшiлiгiнiң терезелердегi шыбындарға қарсы торды қауiпсiздiк кепiлi деп санауы. Ал шын мәнiнде олар өте тұрақсыз және балаларға жабық терезе иллюзиясын құрайды.

Кiшкентай бүлдiршiндердiң терезеден құлауы бойынша қайғылы санағын төмендету үшiн және балалардың денсаулығын және өмiрiн қорғау мақсатында, Көкшетау қаласының ТЖ Басқармасы барша ата-аналарға өз балаларына өте мұқият болын сұрайды.

Оларды қатерден қорғау мақсатында :

-балаларға тиiстi бақылау жасау және бөлменi желдету кезiнде жалғыз қалдырмау.

-баланың терезеге көтерiлуiне себеп болатын жиһаздарды алдын ала алып тастау.

-терезелерге арнайы бекiткiштер орнату.

Есте сақтау керек, баланың өмiрi, денсаулығы жене тағдыры үшiн бiрiншi кезекте ата-ана жауапты. .

Көкшетау қаласы ТЖБ аға инженерi
азаматтық қорғау лейтенанты
Р.Н. Қуанышев

Мақаланың шыққан күні: 04.08.2017
Қаралым саны: 352
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

 

 

г.Кокшетау, ул. Ауэзова 141

8 (7162) 29-78-00

8 (7162) 29-78-66

 

akymat_kokshetay@mail.ru

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-78-23, 29-78-24

@2017 «Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы» ММ
Разработка сайта: Компания Интегро