Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 371.31
EUR | KZT 419.32
RUB | KZT 5.59
Көкшетау қ.
-11 °C
2018 ж. желтоқсанның 16
Пиротехникалық құралдарды қолданған кезде қауіпсіздік техникасы

Жыл сайын жаңа жылдық мерекелер уақытында ондаған өрттер болады. Олардың туындау себептерi пиротехникалық бұйымдарды пайдалану болып табылады. Жағдайлардың көбiнде перотехниканы абайсыз пайдалану салдарынан дәл балалар түрлi күйiктер мен жарақаттар алатыны анық.

Мұндай фактiлердiң алдын алу мақсатында Көкшетау қаласы ТЖБ мен IIБ қызметкерлерi серфикатталмаған пиротехникалық тауарларды сату орындарында — ауданның дүкендерi мен сауда үйлерiнде рейдтер жүргiзедi.

ТЖ аулақ болу үшiн, майысқан, жыртылған, суланған,корпусы немесе бiлтенiң сызаттары немесе басқа да зақымдары, ақаулықтары бар пиротехникалық өнiмдердi пайдалануға тыйым салынады. Отшашуларды қалтада ұстауға, оларды алауда жағуға, бөлшектеуге және оларды механикалық әсерге түсiруге, мас күйiнде пиротехникалық бұйымдармен ойнауға, оларды жылыту жабдықтарының қасына қою және қасында темекi тартуға болмайды.

Ағаш бұтақтарының, электрберу желiлерiнiң астында және жанғыш заттардың қасында отшашуды қосуға және бiлтенi жағу уақытында оған еңкеюге, жағылмаған өнiмдi қайта жағу қауiптi. Ең бастысы — балалардың ересектердiң бақылаунсыз пиротехникалық бұйымдарды жағуына жол бермеу қажет.

Көкшетау қаласы ТЖБ

Мақаланың шыққан күні: 25.12.2017
Қаралым саны: 678
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Біздің сайтқа не арқылы кірдіңіз?