Көкшетау қаласының
ресми интернет-ресурсы
Мерекелерге дайындық басталды

Алда келе жатқан Тұңғыш Президент күнi мен Тәуелсiздiк мерекесiне орай көкшетаулықтарды тосын сыйлар күтуде. Мереке қарсаңында Көкшетау қаласында бiрнеше тұрғын үй мен қоғамдық алаңдар пайдалануға берiлiп, Жаңа жыл мейрамының да жаңалықтары көп болмақ.

Желтоқсан айында болатын маңызды мемлекеттiк мейрам күндерiн ұйымшылдықпен өткiзуге қатысты қала әкiмi Ермек Маржықпаев ведомстволар мен сала басшыларын жинап, кеңес өткiздi. Қалалық мәдениет бөлiмi жауапты саналатын шығармашылық шаралармен қатар әлеуметтiк мәселе де назарға алынуы тиiс делiндi. Айдың бiрiншi жартысында жаңа нысандар пайдалануға берiледi. Оның қатарында мемлекеттiк және коммерциялық бағыттағы бiрнеше көпқабатты үйлер, неке қию сарайы, темiржолшылар аллея-

сы және жастар скверi бар. Қала әкiмi атаулы күндер жақындап келе жатқанын және оған мұқият қарау қажеттiгiн айтты. Көкшетауды Жаңа жыл мерекесiне орай безендiру жұмыстары жақында қолға алынады. Биыл Горький көшесiнiң жарықшамдары жаңартылып, барлық аркалар, субұрқақтар, панель-кронштейндер әрленедi. Бiрнеше аумаққа шырша қойылып, мұз қалашығы салынады. Шаһар басшысы бұл жұмыстардан Красный Яр мен Станционный елдi-мекендерi де қалыс қалмауы тиiс дедi.

Мақаланың шыққан күні: 27.11.2017
Қаралым саны: 285
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

 

 

г.Кокшетау, ул. Ауэзова 141

8 (7162) 29-78-00

8 (7162) 29-78-66

 

akymat_kokshetay@mail.ru

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-78-23, 29-78-24

@2017 «Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы» ММ
Разработка сайта: Компания Интегро