Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 352.54
EUR | KZT 415.15
RUB | KZT 5.31
Көкшетау қ.
10 °C
2018 ж. қыркүйектiң 22
Мерейтой иесін марапаттады

Қалалық әкiмдiкте журналистика ардагерi, «Қазақстанның құрметтi журналисi», Ақпарат саласының үздiгi Балталы Сәрсенбаевты марапаттау рәсiмi өттi. Қала әкiмi Е.Маржықпаевтың Құттықтау хатын оның орынбасары А.Әмiренова табыстады. Сондай-ақ, облыстық ардагерлер кеңесiнiң төрағасы Ғ.Төлеғұл, қалалық ардагерлер кеңесiнiң төрағасы Ш.Әлиев, облыстық мәслихаттың аппарат жетекшiсi Д.Жұрымбаев, қалалық мәслихаттың хатшысы Е.Исiмбаевтар құттықтады. Сөз алғандар Балталы Сәрсенбайұлының қаланың саяси-әлеуметтiк дамуына қосқан зор үлесi, баспасөздегi ұзақ жылдарғы елеулi еңбегi туралы әңгiмелеп, мерейтой иесiне мықты денсаулық, отбасына амандық-саулық тiлестi.

Мақаланың шыққан күні: 08.07.2018
Қаралым саны: 81
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика