Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 387.34
EUR | KZT 428.44
RUB | KZT 6.04
Көкшетау қ.
13 °C
2019 ж. қыркүйектiң 19
Мерейге бөленді

Шаңырақ шаттығы мен отбасы мәртебесiн арттырып, ұлттық құндылықтар-ды жаңғыртуға бағыт-талған «Мерейлi отбасы» ұлттық байқауының Ақмола өңiрiндегi кезеңi өте тартысты өттi.

Әу баста өз күшiне, бiлiмi мен өнерiне сенген 29 отбасы сайысқа түскенiмен, соңғы сынға 7 отбасы iрiктелiп шықты. Байқауға төрелiк еткен облыстық комиссия оған қатысқан отбасының қоғамдағы абырой-беделiне, азаматтық белсендiлiгiне, шаңырақта ұлттық құндылықтарды қаншалықты сақтауына баса мән берiптi.

Шарада құттықтау сөз сөйлеген облыс әкiмi Ермек Маржықпаев отбасы құндылығы туралы айтып өтiп, марапаттау рәсiмiне көштi. Бiрiншi орынды және 250 мың теңгенiң сертификатын Ақкөл ауданынан Әубәкiровтер отбасы және Целиноград ауданынан Ысқақовтар отбасы өзара бөлiссе, облыстық «Мерейлi отбасы» байқауында екiншi орын және 150 мың теңгелiк сертификат Степногорск қаласының Оралбаевтар әулетiне берiлдi. Бүгiнде отбасындағы сегiз баланың алтауын асырап алып, бауырына басқан. Ал, жүлделi үшiншi орын мен 100 мың теңгелiк сертификатты Целиноград ауданынан Кемеңгеровтер отбасы иелендi. Сондай-ақ, Сандықтаудан Мұсхановтар, ерейментаулық Амантаевтар мен Зерендi ауданынан қатысқан Штирлердiң отбасы ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Одан өзге байқауға қатысқандар арасында шығармашылық отбасылар, көпбалалы отбасылар, оның iшiнде, мұғалiмдер, дәрiгерлер, механизаторлар, спортшылар, кәсiпкерлер және басқа да еңбек әулеттерi бар.

Тағайындалған екi бiрiншi орынның бiрiн целиноградтық Ысқақовтар отбасы иелендi.

Көпбалалы отбасы қайырым-дылық жұмыстарымен айналысады, жақында ауыл мектебiне музыкалық орталық, спорттық құралдар мен компьютерлер тарту еткен. Ақкөл ауданының Амангелдi ауылында тұратын Әубәкiровтер әулетi — ұстаздар династиясынан. Қазiргi уақытта 5 бала мен 9 немере тәрбиелеп отыр. Үлгiлi отбасының шаңырақ көтергендерiне — 56 жыл. Әулеттiң басты отбасылық құндылығы ұлтты, ұлттық салт-дәстүрдi, оның рухани мұрасын, әдет-ғұрпын құрмет тұту. Шарада жалпақ елге танымал болған, абыройға бөленген жандар, олардың әулеттерi, өмiр жолдары туралы кеңiнен әңгiмелендi.

Ысқақовтар мен Әубәкi-ровтердiң отбасының қайсысы гран-приге лайық екенiн келер айда ҚР Президентi жанындағы Әйелдер iстерi және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi комиссиясы анықтайтын болады. Ал, жүзден жүйрiк шыққан отбасы қыркүйек айында Отбасы күнiне орай Нұр-Сұлтан қаласында өтетiн «Мерейлi отбасы» байқауының республикалық додасында марапатталмақ.

Мақаланың шыққан күні: 19.06.2019
Қаралым саны: 155

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіздің жасыңыз?