Көкшетау қаласының
ресми интернет-ресурсы
«Мемлекеттік қызметшілер міндеттемелеріңізді орындауды ұмытпаңыздар»

1. «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексi (одан әрi- Салық кодексi) 185 баптың 2 тармағына сәйкес "Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiне және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес декларация ұсыну мiндетi жүктелген Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары, судьялар, сондай-ақ жеке тұлғалар салық салу объектiсi болып табылатын кiрiстерi және Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тысқары жерлерде де орналасқан мүлкi туралы декларацияны ұсыну мiндеттемесi туындайды. Жеке табыс салығы бойынша декларация орналасқан (тұрғылықты) жерiндегi салық органына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмей ұсынылады, яғни 2017 жылға декларацияны 2018 жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмей ұсынылады.

«Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде
шоттары және мүлiгi бар тұлғалардың назарына»

2. Салық кодексiнiң 185 баптың 1 тармағы 5 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегi шетелдiк банктердегi банктiк шоттарда ақшасы бар жеке тұлғаларда «Жеке табыс салығы бойынша декларацияны» тапсыру бойынша мiндеттемесi туындайды. Жеке табыс салығы бойынша декларация орналасқан (тұрғылықты) жерiндегi салық органына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмей ұсынылады, яғни 2017 жылға декларацияны 2018 жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмей ұсынылады.

Сондай-ақ, Салық кодексiнiң 185 баптың 1 тармағы 6 тармақшасына сәйкес меншiк құқығында:

шет мемлекеттiң заңнамасына сәйкес шет мемлекеттiң құзыреттi органында (ол бойынша құқықтар және (немесе) мәмiлелер) мемлекеттiк немесе өзге де тiркелуге (есепке алынуға) жататын жылжымайтын мүлкi;

эмитенттерi Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тiркелген бағалы қағаздары;

Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тiркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесi бар жеке тұлғалар тапсырады.

Демек, меншiк құқығында:

шет мемлекеттiң заңнамасына сәйкес шет мемлекеттiң құзыреттi органында (ол бойынша құқықтар және (немесе) мәмiлелер) мемлекеттiк немесе өзге де тiркелуге (есепке алынуға) жататын жылжымайтын мүлкi;

эмитенттерi Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тiркелген бағалы қағаздары;

Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тiркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесi бар жеке тұлғаларда «Жеке табыс салығы бойынша декларацияны» тапсыру бойынша мiндеттеме туындайды. Жеке табыс салығы бойынша декларация орналасқан (тұрғылықты) жерiндегi салық органына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмей ұсынылады, яғни 2017 жылға декларацияны 2018 жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмей ұсынылады.

Мақаланың шыққан күні: 12.01.2018
Қаралым саны: 130
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

 

 

г.Кокшетау, ул. Ауэзова 141

8 (7162) 29-78-00

8 (7162) 29-78-66

 

akymat_kokshetay@mail.ru

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-78-23, 29-78-24

@2018 «Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы» ММ
Разработка сайта: Компания Интегро