Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 378.83
EUR | KZT 430.99
RUB | KZT 6.04
Көкшетау қ.
18 °C
2019 ж. маусымның 26
Мәселелер ауқымы кең

Биыл Көкшетау қаласында ағымдық жол жөндеу жұмыстары үлкен мөлшерде атқарылатын болады. Әсiресе, Ғабдуллин көшесi қалыпқа келтiрiлiп, көпiрдi реттеу бас-ты назарда. Наурызбай батыр мен Вавилов көшелерiне де күрделi жөндеу жұмыстары жүргiзiледi. Конкурстық мәселелердiң күрмеуi шешiлiп қалған. Әкiмшiлiк отырысында қала әкiмi Ермек Маржықпаев осы шаруаларды тездетудi тапсырды.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлiмiнiң басшысы Марат Жүнiсовтiң есебi қанағат-тандырмағандықтан, Ермек Боран-байұлы олардың алдына нақты мiндеттердi жүктедi. Басты назар жеке пәтер иелерi кооперативтерiнiң жұмысын белсендендiруге бағыт-талуы тиiс. «Смарт-сити» жобасы шеңберiнде жақын арада «Е-ПИК» арнайы бағдарламасын құру қажет. Ол өз кезегiнде осы шаруаларды жүйелендiредi. Жобаға 62 ПИК-терi қосылуы тиiс. Коммуналдық төлемдердi жүргiзуге арналған бiрыңғай төлем құжаты енгiзiлген. Осы бағытта жұмыс iстейтiн қызмет берушiлер қатары соған қарай өседi. Жылжымалы қоғамдық көлiк құрамын жаңғырту, жаңа аялдама павильондарын қою және алматылық «Оңай» бағдарламасы сияқты қаржысыз төлем жасауға көшу жоспарланып отыр. Қаладағы такси қызметiн реттеу туралы да айтылды. Жолаушы тасымалымен айналысып жүргендер көп, бiрақ олардан қала қазынасы толықпайды. Сондықтан, ТКШ бөлiмi белсендiлiк танытып, салық комитетi және өзге де қызметтермен бiрлесiп жұмыс iстеу керек. Отырыста тұрғын үй инспекциясының жетекшiсi Жасыұзақ Есiркеповтың да есебi тыңдалды. Ол тұрғын үй қорын жандандыру, ПИК қызметi, лифт пен газ шаруашылығы туралы айтты.

Мақаланың шыққан күні: 02.04.2018
Қаралым саны: 388

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіз қандай санатқа жатасыз?

Сіздің жасыңыз?