Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 366.43
EUR | KZT 420.11
RUB | KZT 5.58
Көкшетау қ.
7 °C
2018 ж. қазанның 21
Мәлік Мырзалин Беларусь делегациясымен кездесті

Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин өңiрге жұмыс сапарымен келген Беларусь Республикасының Өнеркәсiп министрi Виталий Вовк бастаған бiр топ беларустық iскер азаматтармен кездестi.

Кездесуде аймақ басшысы Ақмола облысының Беларусь Республикасымен достық қатынасы ертеден бастау алатынын атап өттi. «Көкшетау қаласында ауыл шаруашылығы және коммуналдық техникалар шығаратын Қазақстан-Беларусь индустриялық-технологиялық паркi «Қазақстандық агро инновациялық корпорациясы» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң құрылуы осының айқын мысалы», — дедi Мәлiк Мырзалин өз сөзiнде.

Тараптар өнеркәсiптiк кооперацияны одан әрi дамыту, ауыл шаруашылғы техникаларының жаңа түрлерiн шығару, сондай-ақ, келешекте беларустiң «МАЗ», «МТЗ», «Бобруйскагромаш», «БелАЗ», «Гомсельмаш» тәрiздi ашық акционерлiк қоғамдары шығаратын автобустарды Ақмола облысында да қолдану және оларды жеткiзу мен сервистiк қызмет көрсету мүмкiндiктерiн талқылады.

Өз кезегiнде Виталий Вовк мырза да жылы қарсы алған аймақ басшысына алғысын бiлдiрiп, екiжақты әрiптестiк қатынасты дамытудың маңыздылығына тоқталды. «Бiздiң Қазақстан нарығында жұмыс iстегемiз келедi. Беларусь тауарларын сатып қана қоймай, осы жақтан да шикiзат сияқты қажеттi өзiмiзде жоқ өнiмдердi сатып алуға ниеттiмiз. Ақмола облысы өнеркәсiптiк және аграрлы облыс болғандықтан, түрлi салалар бойынша бiрлесiп жұмыс iстеуге мүмкiндiк мол. Әсiресе, екi ел арасында сауда-экономикалық, көлiктiк, мәдени-гуманитарлық салаларда жүзеге асырылмай жатқан әлеуеттi жобалар бар. Оның iшiнде Ақмола облысымен бiрлесiп, машина жасау саласында тың жобаны жүзеге асыруға ниеттiмiз», — дедi Виталий Вовк.

Айта кетейiк, өткен жыл қорытындысы бойынша, Ақмола облысы мен Беларусь Республикасы арасындағы тауар айналымы алдыңғы жылмен салыстырғанда екi есеге өскен.

Мақаланың шыққан күні: 07.02.2018
Қаралым саны: 4390
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус