Көкшетау қаласының
ресми интернет-ресурсы
М. Мырзалин Щучье-Бурабай курорттық аймағының «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындығын пысықтады

Бүгiн облыс әкiмi жоспардан тыс Щучье-Бурабай курорттық аймағында халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесi аясында демалыс орындарының дайындығын пысықтады.

Бурабайда аймақ басшысы, Абылай хан алаңын, жағажай аймағын, орталық базар және өзге де халық көп шоғырланатын нысандардың әзiрлiгiн көрдi.

Мұнда облыс әкiмi көркейту-көгалдандыру, санитарлық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуде жасалған жұмыстарды сынға алып, қысқа мерзiмде барлығын қалыпқа келтiрудi тапсырды.

«Астаналық аймақ ретiнде бiздiң облыс, халықаралық көрменiң жоғары деңгейде өтуiне белсендi түрде атсалысу керек, сондықтан демалыс аймақтарында қонақтарға жоғары сервистiк қызмет көрсетiлiп, аймағымыздың қонақжайлылығын мейлiнше көрсетуiмiз қажет», — деп атап өттi М. Мырзалин.

Еске сала кетейiк, Ақмола облысында көрмеге келген меймандарды күтiп алу үшiн Щучье-Бурабай курорттық аймағына және Қорғалжын қорығына 7 турпакет пен 30-дан астам туристiк маршрут әзiрленген.

Мақаланың шыққан күні: 16.05.2017
Қаралым саны: 235
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

г.Кокшетау, ул. Ауэзова 141

8 (7162) 29-78-00

8 (7162) 29-78-66

akimkokshe@akmol.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-78-23, 29-78-24

@2017 «Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы» ММ
Разработка сайта: Компания Интегро