Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 340.27
EUR | KZT 396.31
RUB | KZT 5.39
Көкшетау қ.
16 °C
2018 ж. маусымның 25
Жетістіктер сараланды

15 желтоқсанда «Көкшетау» мәдениет сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 26 жылдығына арналған салтанатты шара өтiп, онда облыс әкiмi Мәлiк Мырзалин құттықтау сөз сөйледi. Өңiр басшысы осы кезең аралығында республикамыздың, облысымыздың iшкi және сыртқы саясатта, әлеуметтiк-экономикалық дамуда қол жеткен жетiстiктерiне тоқталды. Салтанатты жиында облыс әкiмi Елбасының Жарлығымен әлеуметтiк-экономикалық-мәдени дамуға зор үлес қосқан бiр топ ақмолалықтарға мемлекеттiк наградалар тапсырды.

Көкшетау қаласы бо-йынша «Парасат» орденiмен Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiнiң ректоры Ә.Әбжаппаров, «Ерен еңбегi үшiн» медалiмен Ақмола облысының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру басқармасының басшысы Д.Ахметжанова, агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң Көкшетау қалалық аумақтық инспекциясының жетекшiсi Қ.Бектемiров, «Гормолзавод» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң директоры Ә.Жақсылықов, Ақмола облысы денешынықтыру және спорт басқармасының «Жоғары спорттық шеберлiк мектебi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң спортшы-нұсқаушысы Т.Жүсiпов, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен «Таңдау» көпсалалы гимназияның мұғалiмi Ә.Ахетова, Ақмола облысының iшкi саясат басқармасы басшысының орынбасары Г.Кәрiмова марапатталды. Сонымен бiрге өңiр басшысы «Қансонар» халықаралық бүркiтшiлер сайысында бiрiншi орын алған жерлесiмiз Қанат Шүлембаевқа жеңiл автокөлiктiң кiлтiн тапсырды.

 

Мақаланың шыққан күні: 22.12.2017
Қаралым саны: 608
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика