Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 386.82
EUR | KZT 428.67
RUB | KZT 5.86
Көкшетау қ.
20 °C
2019 ж. тамыздың 19
Күзгі жәрмеңкенің тұрғындарға көмегі көп

Көкшетаудағы «Алтын ғасыр» сауда үйiнiң алаңында дәстүрлi ауылшаруашылығы жәрмеңкесi өткен сенбiде тағы да жалғасын тапты. Бұл жолы қала жұртшылығына Ақкөл, Атбасар, Бұланды, Еңбекшiлдер аудандары мен Көкшетау қаласының ауылшаруашылығы тауарларын өндiрушiлерi өз өнiмдерiн ұсынды. Сауда сөрелерiн аралап көрген облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Қадырхан Отаров пен Көкшетау қаласының әкiмi Ермек Маржықпаев өнiм бағасына назар аударып, тұтынушылармен әңгiмелестi. Өз тарапынан қала тұрғындары жәрмеңкенi қайта өткiзудi жандандырғаны үшiн алғыстарын бiлдiрдi.

Жиын-терiм аяқталып, қарбалас жұмыстан босаған шаруалардың ала жаздайғы еңбегiнiң нәтижесiн шығарып, өнiмдерiн өткiзетiн күзгi жәрмеңкенi асыға күтетiнi де рас. Мұнда сатушы да, алушы да пайдада қалады. Бiр жағы өнiмдерiн өткiзсе, екiншi жағы қысқа қажеттi азық-түлiк қорын жасап, малына қажеттi жем-шөбiн дайындап алады. Бұл күнi облыстың ауылшаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлерi жәрмеңкеге ауылшаруашылық өнiмдерiнiң 60 түрiн жеткiзiп, тұтынушыларға нарық бағасынан төменгi бағада ұсынды. Атап айтқанда, ет өнiмдерiнiң 60,5 тоннасы, балықтың 7,7 тоннасы, жұмыртқаның — 302 мың данасы, көкөнiстiң 132,2 тоннасы, сүт және сүт өнiмдерiнiң 16,3 тоннасы, картоптың 100 тоннасы, жарма өнiмдерiнiң 12 тоннасы, қант–5 тонна, өсiмдiк майының 16,5 литрi саудаланды. Жәрмеңкеде жалпы құны 115 миллион теңгенiң өнiмi сатылды. Қала тұрғындарының жергiлiктi өнiмдерге ерекше сұранысы байқалды. Оның iшiнде картоп, пияз, сәбiз, қырыққабат секiлдi өнiмдер көптеп өтiп жатты. Алайда, жәрмеңкедегi ең өтiмдiсi ет өнiмдерi екенi рас. Сондай-ақ, ауылдықтар жеткiзген оның бағасы да қымбат емес. Айталық, жәрмеңкедегi орташа баға жылқы етiне 1100 теңгеден, қой етi 950 теңгеден, сиыр етi 900 теңгеден айналды. Көкөнiстiң, ет өнiмдерiнiң, нан-бөлке бұйымдарының бағалары да базарлардағыға және сауда орындарына қарағанда 15-20 пайыз-

ға төмен болды. Жалпы, осы жолы да кең ауқымда және ұйымшылдықпен өткен жәрмеңке тұрғындардың көңiлiнен шығып, азық-түлiк қорларын толықтыра түстi. Арнайы ұйымдастырылған концерттiк бағдарлама да келушiлерге мерекелiк көңiл-күй сыйлады.

 

Мақаланың шыққан күні: 11.10.2016
Қаралым саны: 212

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіздің жасыңыз?