Көкшетау қаласының
ресми интернет-ресурсы
Құрметті мәдениет және өнер саласының қызметкерлері!

Мемлекет басшысының Жарлығымен тағайындалған мәдениет және өнер қызметкерлерiнiң кәсiби мерекесiн көкшетаулық өнерпаздар шығармашылық тың табыстарымен қарсы алуда. «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесi мен Мемлекеттiк рәмiздердiң 25 жылдығына арналған «Ақмола жұлдыздары» байқауында тамаша өнер көрсетiп, көрермен қауымның ыстық iлтипатына бөлендi.

21 мамыр мәдениет және өнер саласы қызметкерлерiнiң төл мерекесi. Бұл саланың өкiлдерi елiмiздiң мәдени мұрасын, қоғамның рухани-адамгершiлiк негiздерiн сақтап, шығармашылық еңбектiң құндылығын нығайтуға ықпал етiп келедi. Бiздiң қоғамдағы мәдениет пен өнердiң маңызын бағаламау мүмкiн емес. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев шығармашыл және мәдени интеллигенция өкiлдерiмен кездесу барысында: «Мен мәдениет пен жоғары рухани құндылықтарды дамыту маңызды деп санап келдiм және санай беремiн. Бұл қос сала қоғамдағы экономикалық өсiм мен халықтың әл-ауқатын жақсартуда маңызды рөл атқарады. Қазақстандық мәдениет асыл мұрамыздың бөлiнбес бөлшегi ретiнде де, әлем халықтарының мәдени құндылықтарын қабылдау жүйесi ретiнде де маңызды. Бұл заманауи өнердiң барлық түрiне — музыка, театр, кино, әдебиет, бейнелеу өнерi және т.б. да қатысты» — деген едi. Көкше өңiрi өзiнiң ақын, жазушы, суретшi және мүсiншiлерiмен атақты болып келген. Халықтың рухани, тарихи бай мұрасы мен әлемдiк цивилизациядан алшақтап кетпегендiгi жағынан бұл мереке де мазмұн мен мәнге ие. Мәдениет пен өнердiң қызметкерлерi Көкшетаудың мәдени өмiрiн дамытуда өзiнiң кәсiби шеберлiгi мен шығармашыл шабытын сарқа жұмсайды. Сол арқылы бiздiң халқымыздың рухани потенциалын бекiте түседi. Сiздердi төл мерекелерiңiзбен құттықтап, барлық алға қойған армандарыңыз бен мақсаттарыңыздың орындала беруiне тiлектеспiн. Денсаулық, бақыт, байлық пен тұрақтылық қашанда қолдау болсын!

Ермек МАРЖЫҚПАЕВ,
Көкшетау қаласының әкiмi.

Сiздердi кәсiби мерекелерiңiзбен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн — мәдениет пен өнерге берiлген жандардың мерекесi. Халық дәстүрлерiн сақтау, рухани, адамгершiлiк және отансүйгiштiк тәрбие бағытындағы сiздердiң үлестерiңiз қомақты. Таңдап алған мамандыққа адалдық әрбiрiңiздiң бойыңыздан табылады. Сiздер жас буын таланттардың мәдениет пен өнердегi бағының жануына ықпал етiп, қала тұрғындарының шығармашылық энергиясын ашасыздар. Халыққа шаттық сыйлап, асқан шабытпен еңбектенуге деген құлшыныстарыңыз үшiн депутаттық корпус және жеке өзiмнiң атымнан алғыс айтамын. Мәдениет саласының майталмандарына бақыт, мықты денсаулық және шығармашылық табыс тiлеймiн. Қаланың рухани дамуына және елiмiздiң гүлденуiне үлес қоса берiңiздер!

Бауыржан ҒАЙСА,
қалалық мәслихаттың хатшысы.

Мақаланың шыққан күні: 17.05.2017
Қаралым саны: 288
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

г.Кокшетау, ул. Ауэзова 141

8 (7162) 29-78-00

8 (7162) 29-78-66

akimkokshe@akmol.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-78-23, 29-78-24

@2017 «Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы» ММ
Разработка сайта: Компания Интегро