Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 389.86
EUR | KZT 435.32
RUB | KZT 6.12
Көкшетау қ.
-1 °C
2019 ж. қазанның 22
Құрметті көкшетаулықтар! Құрметті жерлестер!

Тәуелсiздiк алған жылдар iшiнде Наурыз мейрамы шын мәнiнде жалпыұлттық және табиғаттың жаңғыруының жарқын мерекесiне айналды. Адамдардың рухани тазаруына ықпал етiп, бейбiтшiлiк пен келiсiмдi нығайтып, уақыт пен ұрпақтың өзара байланысын қамтамасыз етуде. Наурыз адамдарды дастархан басына жақындастырып, олардың бейбiт өмiрге, қайырымдылық пен келiсiмге деген құлшыныстарын шыңдай түсуде. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлтаралық қарым-қатынас саласындағы мақсаткерлiк және салиқалы саясаты арқасында Қазақстанда бейбiтшiлiк пен өзара түсiнiстiк салтанат құруда. Бұл дегенiңiз кез келген қоғамның экономикалық тұрақтылығының кепiлi болып саналады.

Бүгiнгi таңда бiз Наурыз мейрамды жақсы көрсеткiштермен, жетiстiктермен қарсы алудамыз. Сол себептi көкшетаулықтарға тынымсыз әрi қажырлы еңбектерi үшiн шынайы алғысымды бiлдiремiн. Мерекеге орай баршаңызға шын жүректен мықты денсаулық, iзгiлiк, ырыс-береке тiлеймiн. Болашағымыз жарқын болып, Ұлыстың Ұлы күнi әр шаңыраққа көтерiңкi көңiл-күй, ырыздық әкелсiн!

Ермек МАРЖЫҚПАЕВ,
Көкшетау қаласының әкiмi

Наурыз — жер-ананың бусанып, барша тiршiлiктiң жаңаруының символы. Жылдың көңiлге шуақ құяр осы сәтi уақыт пен ұрпақтың үзiлмейтiн сабақтастығын аңғартады. Жасампаздық пен әсемдiктен, сүйiспеншiлiк пен татулықтан қуат алған Наурыз мейрам халқымыздың мәдениетi мен дәстүрiнiң ұлылығын паш еткендей. Ата-бабаларымыз қасиеттi де киелi осы күндi өздерiнiң жетiстiктерiмен, табыстарымен бағалап, болашақтағы жоспарларын айқындаған. Бүгiнгi таңда бiз осы дәстүрдi сенiммен жалғастырудамыз. Жылдан-жылға бiздiң басты игiлiгiмiз — бейбiтшiлiк, ұлтаралық және конфессияаралық келiсiм салтанат құруда. Бүгiнгi таңда Қазақстан 140 этнос пен 17 конфессия өкiлдерi үшiн туған Отаны саналады. Достығымыздың берiктiгi мен татулығымыз бiзге көктем мерекесiн болашаққа деген зор сенiммен, үкiлi үмiтпен қарсы алуға мүмкiндiк беруде. Наурыз мейрам әр отбасына қуаныш, шаттық, iзгiлiк, бақыт әкелсiн. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Бауыржан ҒАЙСА,
қалалық мәслихаттың хатшысы

Мақаланың шыққан күні: 21.03.2017
Қаралым саны: 216

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіз қандай санатқа жатасыз?