Көкшетау қаласының
ресми интернет-ресурсы
«Құмай» археологиялық- этнографиялық кешенінде болды

Облыс әкiмi Мәлiк Мырзалин жұмыс сапарымен Ерейментау ауданында болғанында бiрқатар өндiрiстiк кәсiпорындардың жұмысымен және мәдени мұра нысандарының жағдайымен егжей-тегжейлi танысып, «Туған жер» бағдарламасына орай төрт мың жылдық тарихы бар «Құмай» археологиялық-этнографиялық кешенiнде атқарылып жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарына назар аударды.

Өңiр басшысы Мәлiк Мырзалин Новомарковка селосындағы «Жаңа Береке» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң ет өңдейтiн кешенiнде болды. Бұл кәсiпорынның үш мың бас iрi қара өсiретiн мал семiрту алаңы бар. Мұнда жылына бес мың тонна ет және ет өнiмдерi өндiрiлiп, негiзiнен Астананың сауда орындары арқылы сатылуда. Шаруа қожалығының атқарушы директоры Жандос Хасеновтың айтуына қарағанда, шығарылатын өнiмдерiн экспортқа шығаруға да ниеттенiп отырса керек. Одан кейiн облыс басшысы Астана тұрғындарын таза, экологиялық өнiмдермен жабдықтауға бағытталған «Хамзе» шаруа қожалығында болды. Мұнда таяу арада төрт жүз бас iрi қара малға арналған тауарлы -сүт фермасы ашылмақ. Қазiрдiң өзiнде шаруашылыққа Германиядан 132 симментал тұқымды қашарлар әкелiптi. Сондай-ақ өңiр басшысы қорғаныш шлемдерiн шығаратын «KazArms»жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнде, 60 пәтерлiк тұрғын үй құрылысында болып, өңiрдегi алғашқы жел-электр станциясының жұмысымен танысты.

Облыс әкiмi Астанадан 120 шақырым жерде орналасқан «Құмай» археологиялық-этнографиялық кешенде атқарылып жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарымен танысты. Құмай өзенiнiң бойындағы мәдени мұра нысандарын зерттеу жөнiндегi жобаның жетекшiсi Л. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетiнiң профессоры, түрколог Алма Досымбаева облыс басшысын «Туған жер» бағдарламасы аясында республикалық және халықаралық туризмдi дамытуға лайықталған жобамен таныстырды. Құмай ландшафтық, археологиялық және этнографиялық паркiн құру арқылы Қазақстан территориясындағы көне және орта ғасырлық мәдени мұраларды зерттеуге мүмкiндiк бермек. Бұдан кейiн Мәлiк Мырзалин Бөгенбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейiнде болып, оның жұмысын «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жетiлдiрудi тапсырды.

Мақаланың шыққан күні: 09.08.2017
Қаралым саны: 230
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

г.Кокшетау, ул. Ауэзова 141

8 (7162) 29-78-00

8 (7162) 29-78-66

akimkokshe@akmol.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-78-23, 29-78-24

@2017 «Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы» ММ
Разработка сайта: Компания Интегро