Көкшетау қаласының
ресми интернет-ресурсы
Жаныңды жадыратып, санаңды сергітеді!..

Өңiр басшысы Мәлiк Мырзалиннiң Конституция мерекесi күнi тұсауын кескен көрiктi бiр нысан Бұқпа тауының биiгiне бастар баспалдақ пен қала келбетi, көл бетi, туған қаланың тыныс-тiршiлiгiн жоғарыдан көруге арналған алаң болатын. Көтерiңкi көңiл-күй, әсем әсер сыйлайтын осы нысан аз уақыттың iшiнде қала тұрғындарының сүйiктi орындарының бiрiне айналды. Көз жетер көкжиектегi туған жер көркiн тамашалау кiмнiң болмасын көкiрегiне ел мен жерге, оның бейбiт тұрғындарына деген сый-құрмет дәнiн себедi. Тау басында ойға бөгiп, салқын самалға кеуде тоссаңыз жүрегiңiзге ерекше бiр жылылық ұялап, жаныңыз жадырайды.

Биiкке шығу, тау басына көтерiлiп жан-жағыңа көз тастау қашан болмасын көңiлге қуаныш ұялатып, қиялыңа қанат бiтiрiп, арманыңды асқақтатар жәйт. Бiр сәт иығыңнан күйбiң тiршiлiктi серпiп тастап, сергiп қаласың. Сондай, әсем сезiм сыйлар тауың дәл iргеден табыла қалса, оған көтерiлер жол болып, қиналмай, қиындықсыз шығып, қауiпсiз жағдайда қуанышқа кенелсең, нұр үстiне нұр емес пе?! Мiне, Көкшетау сондай сырлы да салтанатты бiр орынға ие. Қала әкiмiнiң қолдап, қадағалауының арқасында облыс орталығын жоғарыдан, кеудеңiздi еркiн ескен самалға тосып, қызықтайсыз. Бiр жақ бетiнде сүйенер қорғаны бар, кең де орнықты баспалдақ тау басына көтерiлуге қолайлы-ақ. Жолыңызды жиектей, жағалай егiлген жас қарағайлар. Осылай көтерiле отырып, жиегi берiк қоршалған шағын алаңқайға шығасыз. Осы жерден айналаңызға еркiн көз саласыз. Ал, көрiнiс — көз сүйсiнтедi! Қарағай-қайыңы көмкерiп, бұйығы жатқан Бұқпа тауының қолтығына жайғасқан түзу көшелi, көк желектi тап-таза қала. Оның етегiн толқыны сүйiп, айнадай жарқыраған Қопа көлi. Қаланың зәулiм ғимараттарының көлеңкесi су бетiнде ойнайды. Қалқыған қайық, қанаттары күнге шағылысып, жарқ-жұрқ еткен айдынның ақ шағалалары. Осынау тiршiлiгi қыз-қыз қайнаған көркем қаланың сен де бiр тұрғынысың! Келер қонағыңды ертiп келiп, мынау көрiнiстi алдына жайып салуыңа, мекенiңдi мақтан етуге мүмкiндiгiң бар, ендi! Тау басынан орын тепкен «Көкшетау» деген алып жазу жанында, Қопа көлi, бүкiл қала көрiнген суреттердi ескерткiшке тарту етсең, ұмытылар ма?! Салынып бiткенiне көп болмаған биiктегi сәндi орынға тұрғындар, қонақтарға қоса, жаңа отау тiгiп жатқан жастар да асыға жетiп, суретке түсуде. Ең бастысы осы орынға келген кiмнiң болмасын көңiлi көтерiңкi, жүзi шат. Ең бастысы да осы болса керек!..

Серiк САПАРҰЛЫ.

Мақаланың шыққан күні: 13.09.2017
Қаралым саны: 236
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

 

 

г.Кокшетау, ул. Ауэзова 141

8 (7162) 29-78-00

8 (7162) 29-78-66

 

akymat_kokshetay@mail.ru

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-78-23, 29-78-24

@2017 «Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы» ММ
Разработка сайта: Компания Интегро