Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 352.54
EUR | KZT 415.15
RUB | KZT 5.31
Көкшетау қ.
8 °C
2018 ж. қыркүйектiң 24
Қосалқы ғимарат – қолайлылық

Сәкен Жүнiсов атындағы №18 мектептiң жанына қосалқы ғимарат салынып жатқанын бұдан бұрын хабарлағанбыз. Бiлiм күнi қарсаңында ол пайдалануға берiлдi. Заман талабымен тұрғызылған қосалқы ғимараттың жабдықталуы ұстаздардың да, оқушылардың да көңiлiнен шықты. Бастауыш сыныптарға арналған бөлмелерiнде қажеттiнiң бәрi бар. Ауладағы футбол, баскетбол алаңдары және жүгiру жолы көз қуантады. Бiлiм күнiмен ұстаздар қауымын және оқушыларды құттықтай келген облыс әкiмi Мәлiк Мырзалин мен қала әкiмi Ермек Маржықпаев мектептiң iшiн аралап көрiп, спорт алаңында жүрген балалармен сөйлестi.

Жергiлiктi қаламгер Сәкен Жүнiсовтiң есiмiне ие болған №18 мектептiң iргесi 1987 жылы қаланған едi. 487 оқушыға лайықталған. Жаңа оқу жылында 1505 бала бiлiм алатын болады. 71 комплектiлi-сыныптар бар. 9-ы коррекциялық санатта. Онда 64 оқушы бiлiм алады. Бұған дейiн мектеп ғимараты оқушыларға тарлық етiп келген. Жергiлiктi әкiмшiлiктiң үнемi назарында болып келген бiлiм ошағында өткен жылдан бастап қосалқы ғимараттың құрылысы қолға алынды. 420 орынға лайықталған қосалқы ғимарат бастауыш сынып оқушыларына арналған. Мұнда екi мультимедиялық, өзiн-өзi тану, ағылшын тiлi, оқу кабинеттерi, қажеттi құрал-жабдықтармен жарақтандырылған спортзалы, тартан жабындысы бар футбол, баскетбол алаңдары,балдырғандарға арналған ойын алаңы жасалды. Мектептiң негiзгi ғимаратына 79 миллион теңгеге күрделi жөндеу жүргiзiлдi. «Дара» қорының қолдауымен ерекше талапты қажет ететiн оқушыларға арналған инклюзивтi бiлiм беретiн ресурс орталығы ашылды. Осының бәрi оқушылардың сапалы бiлiм алуына сөзсiз ықпал етедi дейдi ұстаздар.

Бiлiм күнiнде облыс және қала басшылары жаңарған мектеп ғимаратын аралап көрдi. Әр кабинеттiң жарақтануына мән бердi. Спорт алаңдарына барып, доп қуып жүрген балаларды әңгiмеге тартты. Оларға жетiстiкке жету үшiн көп тер төгу қажет екендiгi айтылды. Жүгiру жолының жабындысы өте ыңғайлы. Қыстың күнi, жауын-шашында аяқтың тайып кетуiн болдырмайды. Спорт алаңының жанында оқушылардың сыртқы киiмiн шешiп қоятын шатырлы беседкалар да тұр. Ал, жаңа әткеншектер, құм алаңшалары, шағын турниктер бастауыш сынып оқушыларына арналған. Бiлiм ошағының маңы абаттандырылып, гүлмен көмкерiлген.

Облыс және қала басшылары атқарылған iске көңiлдерi толатынын жеткiздi. Ұстаздар мен оқушыларға жаңа оқу жылында табыстар тiледi.

Мақаланың шыққан күні: 10.09.2018
Қаралым саны: 44
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика