Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 370.04
EUR | KZT 420.99
RUB | KZT 5.58
Көкшетау қ.
-9 °C
2018 ж. желтоқсанның 14
Қоғам мүлкіне салғырт қарамайық!

Көкшетау қаласының әкiмi Ермек Маржықпаев Красный Яр селосында болып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысып, жөндеу жүргiзiлiп жатқан әлеуметтiк нысандарды аралады.

Алдымен қала басшысы Новоселов көшесi, 23 мекенжайында балалар ойын алаңын салу жоспарымен танысты. Село әкiмi Нұрлан Айсинмен әңгiме барысында қала басшысы тендердi өткiзу мерзiмiн нақтылау керектiгiн ескерттi. Өйткенi, жөндеу-құрылыс жұмыстары кешеуiлдеуi мүмкiн. Сондай-ақ, мердiгерлердiң жұмысты барынша сапалы орындау қажеттiгiн ескерттi. Сала басшыларына селода тағы екi спорт алаңын салу мәселесiн нақтылауды тапсырды. Оның бiрiн №1 орта мектепте, екiншiсiн мемлекеттiк-жекеменшiк әрiптестiк аясында жаңғыртылған көпқабатты тұрғын үйлер ауданында салу жоспарланған.

Қала басшысы ағымдағы жөндеу жүргiзiлiп жатқан №2 орта мектептi аралап көрдi. Қазiр мұнда жұмыстың 30 пайызы орындалған, жылу батареялары толық жаңартылуда. Мектеп директоры Светлана Абдреупованың айтуынша, бiлiм ордасының жылу коммуникацияларына ондаған жылдар бойы жөндеу жүргiзiлмеген. Барлық жұмыстар шiлденiң ортасына дейiн аяқталады. Жөндеу жұмыстарына жетi адамнан құралған арнайы бригада жұмылдырылған. Мәселенiң маңыздылығын ескере отырып, қала әкiмi жұмыс қарқыны мен сапасын еселеп арттыруды тапсырды. №1 орта мектепте болған қала басшысы бiлiм ордасының iшкi тыныс-тiршiлiгiмен танысып, алдағы ҰБТ-ға назар аударды.

Селодағы Целинный көшесiне ағымдағы жөндеу жүргiзiлмек. Қала басшысы жол жағдайымен танысып, жобаны тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлiмiмен келiсудi ұсынды. Тәуелсiздiк көшесiнiң бойындағы әкiмшiлiк ғимараттағы жөндеу жұмыстары тамыз айына дейiн аяқталмақ. Аталған нысанда селолық әкiмдiк, жергiлiктi полиция бөлiмшесi, халыққа қызмет көрсету орталығы орналасатын болады.

Қала әкiмi жұмыс сапарының соңында Нұрлы көш поселкесiне ат басын бұрды. Селоны көгалдандыру, оны сақтап ұстау, архитектуралық келбетiн көрiктендiру, әрине, бiрiншi кезекте тұруы керек. Әйтсе де абаттандыру мәселесiнде бiзде тазалық мәдениетi әлi қалыптаспағандығын, үйiлген қоқыстың уақытында шығарылмайтынын, жасалған дүниелердi бүлдiрiп-сындыру оқиғаларының тыйылмай отырғандығын жасырмады қала басшысы. Былтыр мұнда балалар ойын алаңы орнатылғаны белгiлi. Өкiнiшке орай, балалар аттракционының басым бөлiгi қираған, бүлiнген күйде. Әкiм жиналған көпшiлiктi қоғам мүлкiне ұқыпты қарауды тапсырды. Ал, тәртiп сақшыларына шамдарды қиратқандар, ағаштарды сындырғандар мен өз үйiнiң

айналасын таза ұстамайтындарға айыппұл салу арқылы тұрғындарды да тәртiпке үйрету қолға алынуы тиiс екендiгiн айтты.

Мақаланың шыққан күні: 07.06.2018
Қаралым саны: 160
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Біздің сайтқа не арқылы кірдіңіз?