Көкшетау қаласының
ресми интернет-ресурсы
Көлік кілттерін тапсырды

Облыс әкiмi Мәлiк Мырзалин 12 мамырда Тәуелсiздiк алаңында сап түзеген облыстық iшкi iстер департаментi салалық қызметтерiн аралап, учаскелiк инспекторларға қызмет көлiктерiнiң кiлтiн тапсырды. Шараға қала әкiмi Ермек Маржықпаев қатысты.

Облыс басшысы, әсiресе, осызаманғы озық құрылғылармен жарақталған жылжымалы криминалдық сараптама зертханасының жұмысына оң бағасын берiп, есiрткi тарату қылмысын ашуға септiгiн тигiзетiн кинологтар құрылымының жұмысына назар аударды. Жергiлiктi жерлердегi қоғамдық тәртiптi, жол қауiпсiздiгiн сақтау сияқты маңызды жұмыстарды атқаратын учаскелiк инспекторларға жүктелер мiндет жүгi ауыр. Осыған орай облыстық әкiмдiк жергiлiктi полиция қызметiн техникалық жағынан жабдықтау мәселесiн шешу мақсатында 18 жеңiл автокөлiктiң кiлтiн табыс еттi.

Мақаланың шыққан күні: 14.05.2017
Қаралым саны: 149
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

г.Кокшетау, ул. Ауэзова 141

8 (7162) 29-78-00

8 (7162) 29-78-66

akimkokshe@akmol.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-78-23, 29-78-24

@2017 «Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы» ММ
Разработка сайта: Компания Интегро