Көкшетау қаласының
ресми интернет-ресурсы
Қол жеткен жетістіктеріміз елеулі

Депутат Еркiн Исiмбаевтың төрағалығымен 8 тамызда алтыншы шақырылған Көкшетау қалалық мәслихатының кезектi он үшiншi сессиясы болды. Онда Көкшетау қаласының әкiмi Ермек Маржықпаев «2017 жылдың бiрiншi жартыжылдығында өзiне жүктелген функциялар мен мiндеттердiң орындалуы туралы» есеп бердi. Сондай-ақ, қалалық мәслихаттың хатшысы Бауыржан Ғайсаның ұсынысымен «2018-2020 жылдарғы Көкшетау қаласы бюджетiнiң орындалуы туралы» мәселе келесi сессияның күн тәртiбiне енгiзiлдi.

Көкшетау қаласының әкiмi Ермек Маржықпаев сессияда жаса-ған баяндамасында ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында әлеуметтiк-экономикалық даму қорытындыларының негiзгi көрсеткiштерiн жан-жақты талдап айтып бердi. Өнеркәсiп секторда 43,7 миллиард теңгенiң өнiмi шығарылып, 2016 жылғы деңгеймен салыстырғанда физикалық көлем индексi 100,2 пайызға жеттi. Мұндай жетiстiктерге өнiм өңдеушi кәсiпорындардың үйлесiмдi жұмысы арқасында қол жеткiзiлдi. «КамАЗ-Инжиниринг», «Тыныс», «Көкше» акционерлiк қоғамдары, «Новопэк», «ЕНКИ», «Натур продукт», «Регион Строй», «Көкшетау нан заводы» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерi өнiм көлемiн арттырып, қала экономикасына елеулi үлес қосты. Ал, шикiзаттың жетiс-пеушiлiгi мен сұраныстың азаюынан «Көкшетау минералды сулары» акционерлiк қоғамы мен «Ақмола бидай», «КМЗ Молоко Синегорья», «Ақсай нан Көкшетау», «AGRIMER ASTYK» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерiнде былтырғы жылмен салыстырғанда өнiм көлемi азайып кеттi. Ауылшаруашылығындағы өндiрiлген өнiм көлемi 623,1 миллион теңгенi құрады. Негiзгi капиталдағы инвестиция көлемi 11,5 млрд. теңге деңгейде болды. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 687 миллионға көп. Ақылы қызметтiң жекелеген түрлерiнiң тарифi мен электр қуатының бағасы бұрынғы айдың деңгейiнде қалды. Кей өнiмдер бағасының өсу себептерi импорттық өнiмдерге сұраныстың өсуiне байланысты. Есептi мерзiм iшiнде 90,3 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. Бұл — 2016 жылмен салыстырғанда 14,1 мың шаршы метрге көп. Мектепке дейiнгi тәрбиемен қамтамасыз ету деңгейi — 50,6 пайызды құраса, нақтылы тiркелген жұмыссыздық 0,3 пайызды құрады. Экономиканың нақты секторында 1295 жаңа жұмыс орындары құрылды. Есептi баяндамада айтылған бұл көрсеткiштер 2017 жылғы әлеуметтiк-экономикалық жоспарлардың толық көлемде орындалатындығына кепiлдiк бередi.

Мақаланың шыққан күні: 11.08.2017
Қаралым саны: 192
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

г.Кокшетау, ул. Ауэзова 141

8 (7162) 29-78-00

8 (7162) 29-78-66

akimkokshe@akmol.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-78-23, 29-78-24

@2017 «Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы» ММ
Разработка сайта: Компания Интегро