Көкшетау қаласының
ресми интернет-ресурсы
Көрікті қала жаңа ғимараттармен толығады

Көкшетау қаласының әкiмi Ермек Маржықпаев облыс орталығындағы құрылыс нысандары мен тұрғын үй аулаларында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Қала әкiмi алдымен Қуанышев көшесi, 198 мекен жайындағы құрылысы аяқталған 9 қабатты тұрғын үйдi аралап көрдi. Қазiр бұл нысанда әрлеу жұмыстары аяқталып қалған. Iшкi бөлмелердiң аумағы кең. Нысанды жақын арада пайдалануға беру көзделiп отыр. Атқарылып жатқан жұмыстарды өз көзiмен көрiп шыққан қала басшысы ғимараттың сапасын жоғары бағалады. Сыртқы келбетi көзтартарлық жаңа тұрғын үй қала тұрғындарына керемет тарту болмақ.

Бұдан соң қала әкiмi Ермек Маржықпаев станция сыртындағы поселкедегi «Алтэко Агро» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң қайта өңдеу кәсiпорнының жұмысымен танысты. Кәсiпорын директоры Еркiн Сұрағановтың айтуынша, астық сақтайтын қойманың ашылғанына бiр жыл болған. «Зерендi ауданы мен Көкшетау қаласындағы шаруа қожалықтарымен әрiптестiк байланыс орнаттық. «Казагро» акционерлiк қоғамы арқылы лизингке қондырғылар алдық. Техника сенiмдi, ресейлiк, Воронежден әкелiнген, әрi жөндеу мен қызмет көрсету жағынан мiн жоқ», — дедi кәсiпорын жетекшiсi. Кәсiпорында коммуникация жағынан да, темiржол инфрақұрылымы, электрлендiру, су желiсi жүйесi реттелген. Қазiр серiктестiкте 20 адам жұмыс iстейдi, штатты 50 маманға дейiн өсiру, өзiне тиесiлi аумақты ары қарай игеру және өзiндiк егiс алқабын жасау да жоспарда бар. Әзiрше «Алтэко Агро» тек астықты сақтау, өңдеу, кептiру, тазалау және артумен айналысады. Зертхананы және таразыны аралау барысында әкiм электронды жазба жасау жүйесiмен танысты.

Қала басшысы құрылысшылар қалашығында биыл пайдалануға берiлген балалар ойын алаңын барып көрдi. Тұрғындар да, ойын қызығына берiлген балалар да ойын алаңына көңiл толатынын жасырмады. Ой-өрiсi мен ойлау қабiлетiн дамытатын ойындар балаларға кiшкентай кезiнен бастап қоғаммен араласуды үйретедi және татулыққа тәрбиелейдi. Қаладағы әрбiр үйдiң жанында әртүрлi әткеншектер орнатылған осындай балалар ойнайтын аулалар болатын күн алыс емес екенiн жеткiздi қала басшысы. Қала әкiмi тұрғындарға өз аулаларына ұқыпты қарау жөнiндегi өтiнiш-тiлегiн бiлдiрiп, оның дұрыс күтiп ұсталуына бақылауды күшейтуге орай тиiстi қызмет өкiлдерiне шұғыл тапсырмалар бердi.

Қала басшысы жүргiзушi куәлiгiн беретiн және автокөлiктi тiркейтiн мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратында болды. Жаңа нысан жақын күндерi пайдалануға берiлмекшi. Онда көлiк құралдарын тiркеу және жүргiзушi куәлiгiн беру қызметтерi қолжетiмдi болмақ. Автоматтандырылған жүйе азаматтардың уақытын үнемдеуге өте қолайлы. Мұнда автокөлiктердi тiркейтiн және жүргiзушi куәлiктерiн рәсiмдейтiн операциялық зал, емтихан сыныбы, дайын құжаттарды беретiн сектор, жол полициясы қызметкерлерiнiң кабинетi, сонымен бiрге көлiк құралдары мен жүргiзушi куәлiктерiн әзiрлейтiн бөлмелер болады.

Әсем ЖҮНIС.

Мақаланың шыққан күні: 29.11.2017
Қаралым саны: 348
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

 

 

г.Кокшетау, ул. Ауэзова 141

8 (7162) 29-78-00

8 (7162) 29-78-66

 

akymat_kokshetay@mail.ru

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-78-23, 29-78-24

@2017 «Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы» ММ
Разработка сайта: Компания Интегро