Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 389.86
EUR | KZT 435.32
RUB | KZT 6.12
Көкшетау қ.
-1 °C
2019 ж. қазанның 22
Қоғамдық қабылдауда – жеке кәсіпкерлер

Көкшетау қаласының әкiмi Ермек Маржықпаев «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ғимаратында қоғамдық қабылдауға жазылған азаматтарды қабылдады. Бұл жолы өзiнiң өтiнiш-тiлегiмен жеке кәсiпкерлер келiптi.

Ермек Боранбайұлы қабылдауға келген үш кәсiпкердiң де мәселесiн шешуге болады және ол мемлекеттiк бағдарламаларға сай келедi деп тұжырымдады.

Данияр Байтықов Зерендi бағытындағы иесiз қалған саяжай учаскелерiн рәсiмдеп, жылыжай салуды мақсат тұтады. Соған орай бау-бақша кооперативiнiң төрағасымен келiсiм жасапты. Үш учаскенi көздеп те қойыпты. Ендi әкiмшiлiк тарапынан рұқсат берiлсе, жұмысын бастамақ. Ермек Боранбайұлы қалалық жер қатынастары бөлiмiнiң басшысына бұл мәселенi шешудi тапсырды. Өйткенi, қала аумағында иесiз жатқан саяжай учаскелерi көп. Оларды қалыпқа келтiрiп, игiлiгiне жұмсағысы келген азаматтарға қолдау бiлдiру қажет. «КазЭкоЛайф» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң жетекшiсi Асылан Әбiлов мемлекеттiк-жекеменшiк әрiптестiк шеңберiнде қаладағы алғашқы жоба — автомобиль шиналарын қайта өңдеумен айналысатын цех ашпақ. Өңделген шиналардан балалар және спорт алаңдарына резеңке төсемелер және құрылыс материалдарын шығаруды жос-парлап отыр. Шығыс кәсiпорын аумағында ғимараты, қондырғылары бар, ендi тек тұтыну кепiлгерi ретiнде әкiмдiктiң келiсiмi қажет. Мемлекеттiк-әрiптестiк ретiнде қалалық әкiмдiк жергiлiктi кәсiпорындармен шикiзат алып тұру үшiн меморандумға қол қоюға қол ұшын созса жұмысымыз алға басар едi, дейдi кәсiпкер. Екiншi деңгейлi банктерден несие рәсiмдеуге де қолбайлау болып отырған тұстар баршылық. Қала әкiмi аталған жобаның өте тиiмдi, әрi қажет екенiн айтты. Сондықтан жас кәсiпкердiң идеясына қолдау бiлдiрiп, шешiмiн күткен мәселелерiн реттеудi тапсырды.

Красный Яр селосында жекеменшiк балабақша ашқан Жасұлан Ерденов өз ғимаратына жақын орналасқан мектепке дейiнгi мекеменi де өзiне қосып алғысы келедi. 150 балаға лайықталған бөбекжайда қазiр 90 балдырған бар. Кәсiпкер жекеменшiк балабақшасында балалардың дамуына жақсы жағдайлар жасалғанын алға тартты. Егер мемлекеттiк мекеменi өз қарамағына алса, сол аумақты абаттандырып, ескi ғимаратты жөндеп, ауласына бассейн салуды жоспарлап отыр. Қала басшысы бұл мәселенi егжей-тегжейлi зерттеу қажеттiгiн, ал село аумағында бос тұрған бұрынғы еңбек және демалыс лагерi ғимаратын балаларды сауықтыру орталығына айналдыруға болатынын алға тартты. Жеке кәсiпкер бұл ұсынысқа келiсiмiн бердi.

Мақаланың шыққан күні: 30.03.2017
Қаралым саны: 281

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіз қандай санатқа жатасыз?