Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 387.34
EUR | KZT 428.44
RUB | KZT 6.04
Көкшетау қ.
13 °C
2019 ж. қыркүйектiң 19
Қоғамдық қабылдау

Көкшетау қаласы әкiмiнiң орынбасары Иван Юрченко 16 маусымда «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалында азаматтарды өз өтiнiштерi бойынша қабылдады.

Қала тұрғындары Баян Айдарханқызы Әлжапарова мен Раиса Сирия өздерi тұратын Сәтпаев көшесi №2 және Пушкин көшесi №9 тұрғын үйлерге жөндеу қажеттiгiн айтып, көпшiлiктiң өтiнiш-тiлегiн жеткiздi. ДСУ-15/44 мекенжайындағы тұрғын үйдiң иелерi көптен берi электр жарығының жоқтығынан зардап шегуде. Бұл орайда азамат Бекболат Әбiшевтiң өтiнiшiн мұқият тыңдаған қала әкiмiнiң орынбасары оқиғаның себеп-салдарын тез арада анықтауға уәде бердi. Құдайбердиев көшесi 46/1 үйдiң тұрғыны Ардақ Жүсiпов өз мекенжайына автокөлiк жақындайтындай кiрмежолдың жоқтығына шағымданып, көмек сұраса, Ғабдуллин көшесi 109/5 үйдiң тұрғыны Хамидолла Мұхамедияров тұрмыстық жағдайына байланысты тiлек бiлдiрдi.

Мақаланың шыққан күні: 19.06.2017
Қаралым саны: 568

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіздің жасыңыз?