Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 352.54
EUR | KZT 415.15
RUB | KZT 5.31
Көкшетау қ.
10 °C
2018 ж. қыркүйектiң 24
Қамданған қапы қалмайды

Қала әкiмi Е.Маржықпаев облыс орталығының тазалығы, тұрғын үйлер мен мекемелерге, қызмет көрсететiн барша ғимараттарға жылу беру, көшелер тазалығы, қауiпсiздiк пен тәртiпке жауап беретiн бөлiмдер басшыларымен жиналыс өткiздi.

Шыршалардың әшекей шамдары жарқылдап, аспанға сансыз отшашу атылып, қызыл-жасыл түрленген Жаңа жыл мерекесi де өттi. Қызығы мен қуанышы көп жарқын мереке болғанымен, оның қауiпсiз өтуiн қадағалаушылар үшiн жұмыс көп болғаны сөзсiз. Талай адам көз iлмей кезекшiлiк үстiнде болды. Алдын ала тексерулер, бақылаулар, қадағалаулар жүргiзiлдi, ескертулер жасалынды. Сондай мазасыз әрекеттер арқасында мереке ойдағыдай өттi. Басшы алдымен осындай қызметке атсалысқандарға алғысын жеткiздi.

Одан әрi қала әкiмi күнделiктi атқарылар жұмыстарды пысықтады. «Қыстың аты — қыс. Бiз қалың қар түсуiне немесе қатты аязға, жел мен боранға әр күн сайын дайын болуымыз керек. Әзiр күн жылы, қар аз екен деп арқаны кеңге салуға болмайды. Техникалар үнемi сақадай сай болсын. Көлiк және жаяу жүргiншiлер жолдары күн сайын тазаланып, тайғанақ болмауы қадағалансын. Ол тұрғындар денсаулығы мен жүрiп-тұрудың жеңiлдеуiне әсер етедi. Балаларға арналған кордтар, сырғанайтын жерлердегi қауiпсiздiк назардан тыс қалмасын», — деген Е.Маржықпаев әр бөлiм басшысына мiндеттер жүктедi.

Расында да, күнi бүгiнге қала таза, тайғанақ жоқ. Көше тазалайтын техникалар мен жұмысшыларды үнемi iс үстiнде көресiз. Тоқтаусыз қызмет өз нәтижесiн беруде. Дегенмен, тұрғындар да «мiнезi» қатаң қыс айларында осы iске өз үлестерiн қосып, қала көркiн кетiрмеуге атсалысып, токпен жұмыс жасайтын пештер, әртүрлi қондырғыларды қолдануда аса сақ болулары керек. «Қамданған қапы қалмайды» емес пе?

«Көкше-ақпарат».

Мақаланың шыққан күні: 04.01.2018
Қаралым саны: 551
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика