Көкшетау қаласының
ресми интернет-ресурсы
Қаланың тазалығы – қатаң бақылауда

Көкшетау қаласының әкiмi Ермек Маржықпаев 10 мамырда мемлекеттiк органдар және коммуналдық қызмет өкiлдерiнiң қатысуымен ағымдағы мәселелер бойынша кеңес өткiзiп, шаһардың санитарлық тазалығына, құрылыс жұмыстарының сапасына назар аударды.

Көкшетау қаласының әкiмi Ермек Маржықпаев Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң — 72 жылдығына арналған мерекелiк шараларды ұйымдастыру және оны өткiзу барысына қорытынды жасап өттi. Қала тұрғындарына ерекше көңiл-күй сыйлап, мерекенi жоғары деңгейде өткiзуге атсалысқаны үшiн қалалық мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң жұмысына ризашылығын бiлдiрдi. Бұдан әрi қала әкiмi облыс орталығындағы әлеуметтiк нысандардың құрылысына назар аударды. Неке сарайы, №18 орта мектепке қосымша құрылысқа қатысты мемлекеттiк мекеме басшылары мен құрылыс бөлiмiне бюджет қаражаты игерiлмей қалмасы үшiн мемлекеттiк сатып алулар конкурсын уақытылы өткiзудi тапсырды. Қала әкiмi Е.Маржықпаев Көкшетау қаласының сыртқы келбетiне қатысты пiкiрiн алға тартты. Облыс орталығының санитарлық тазалық айлығының аяқталуына да санаулы күндер қалды. Сондықтан абаттандыру мәселесi де назардан тыс қалмағаны жөн. Осы орайда қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлiмiне қоқысты тасымалдау, ағаш кесу, гүл егу жұмыстарын белсендi жүргiзудi тапсырды. Жергiлiктi полиция қызметiне қала сыртына заңсыз қоқыс төгу фактiлерiнiң жолын кесу жүктелдi. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлiмiнiң жетекшiсi Ермек Қарағаев қаладағы Қуанышев, Полевой, Шевченко көшелерi мен «Юбилейный» мөлтек ауданындағы жол қабатына жүргiзiлетiн жөндеу жұмыстарының басталғанын хабарлады.

Мақаланың шыққан күні: 11.05.2017
Қаралым саны: 112
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

г.Кокшетау, ул. Ауэзова 141

8 (7162) 29-78-00

8 (7162) 29-78-66

akimkokshe@akmol.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-78-23, 29-78-24

@2017 «Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы» ММ
Разработка сайта: Компания Интегро