Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 378.83
EUR | KZT 430.99
RUB | KZT 6.04
Көкшетау қ.
18 °C
2019 ж. маусымның 26
Баланы терезеден құлап кетуден қалай қорғау керек?

Қалалық жерлерде балалардың жарақат алуы мен өлiмiне әкелiп соғатын негiзгi себептерiнiң бiрi — әсiресе терезеден құлап кету оқиғалары. Ашық терезе алдында кiшкентай балалар осал болады, өйткенi оларды ашық терезенiң арғы жағында не болып жатқаны қатты қызықтырады. Бұл туралы әртүрлi алынған жарақаттардан балалардың қаза болу деңгейi куәландырады.

Балалардың абайсыздығынан болған оқыс оқиғаға ата-анасының қарауынсыз қалған балалар ұшырайды.

Қазiргi жаз мезгiлiнде ашық тұрған терезенiң балаларының өмiрiне қауiптi екенiн ата-аналар ұмытып кетедi.

Ағымдағы жылғы 2-тоқсанның өзiнде терезеден (Жамбыл мен Қарағанды облыстарында 7 фактiден; Астана қ.– 6; Алматы қ., Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Оңтүстiк Қазақстан облыстары 2 фактiден; Атырау облысы — 1) адам құлаған (барлығы балалар) 31оқиға болғанын атап өткен жөн, соның салдарынан 7 бала қайтыс болып, 24 әртүрлi жарақатымен емдеу мекемелерiне жатқызылған.

Үйде балалар болған жағдайда, ешқашан терезенi ашық қалдырмаңыз! Сiз балаңыздың жанында болғаныңызбен, бiрнеше секундқа бiр нәрсеге алданып кеткенде, балаңыз өз өмiрiмен қош айтысуы мүмкiн.

Ешқашан масаға қарсы торларды пайдаланбаңыздар, себебi, балаңыз торға сүйенiп, онымен қоса сыртқа қарай құлап кетуi мүмкiн. Балаларыңызды еш уақытта қараусыз қалдырмаңыздар!

Балаларыңыз терезенi өз еркiмен аша алмау үшiн, терезелерiңiзге тiреуiш орнатыңыз!

Терезеден құлау жағдайынан балаларды қалай сақтауымыз керек?

Терезеден құлау оқиғаларына көбiнесе ата-анасының қарауынсыз қалған балалар ұшырайды. Кiшкентай балаларды жалғыз қалдырмаңыздар.

Терезеге шықпауы үшiн, терезе маңындағы жиһаздардың барлық түрiн алып тастаңыздар.

Масаға қарсы торларға еш уақытта сенбеңiздер! Олар құлап бара жатқан балаларыңызды қорғай алмайды! Керiсiнше олар осы масаға қарсы торларды қауiпсiз деп ойлайды, алайда балалар осы тормен бiрге құлап кетедi.

Мүмкiндiк болса, терезенiң астыңғы жағын емес, жоғарғы жағын ашып қойыңыз.

Балаңыз терезенi аша алмауы үшiн терезеге бiрнеше арнайы бекiткiштер орнатыңыз.

Егер де сiз балаңызға терезеден бiрдеңелердi көрсететiн болсаңыз — балаңызды қатты ұстап, қимыл-қозғалысын қадағалаңыз, тез қозғалыс әрекеттерiне дайын болыңыз,қолыңыз құрғақ болып, киiмiнен ұстамауға тырысыңыз.

Егер сiздiң дәл қазiр бекiткiш немесе сақтандыратын жабдық орнатуға мүмкiндiгiңiз болмаса, тұтқаны бекiтiп тұрған бұрандаманы бұрауышпен алып тастап, жоғары жаққа қойыңыз.

Барлық жоғарыда аталған ережелер балконда да сақталуы тиiс.

Жыл сайын биiктен құлау себебiнен көптеген балалар мерт болуда. Ата-аналар балаларыңызды қараусыз қалдырмаңыздар. Абай болыңыздар!

Көкшетау қаласы ТЖБ

Мақаланың шыққан күні: 10.11.2017
Қаралым саны: 590

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіз қандай санатқа жатасыз?

Сіздің жасыңыз?