Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 386.82
EUR | KZT 428.67
RUB | KZT 5.86
Көкшетау қ.
20 °C
2019 ж. тамыздың 19
Тұрғындар назарына

"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiн (Салық кодексi) қолданысқа енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы заңының 364 бабының 1 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары, судьялар, сондай-ақ жеке тұлғалар "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiне және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес салық салу объектiсi болып табылатын кiрiстерi және Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тысқары жерлерде де орналасқан мүлкi туралы декларацияны ұсыну мiндетi жүктелген.

Жеке табыс салығы бойынша 2018 жылғы декларациясын орналасқан жерi бойынша салық органына ағымдағы жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей тапсы тапсырылуы тиiс.

"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiн (Салық кодексi) қолданысқа енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы заңының 363 бабының 1 тармағының 11 тармақшасына сәйкес Жеке табыс салығы бойынша декларацияны мына резидент салық төлеушiлер:

Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар Республикалық бюджет туралы және есептi салық кезеңiнiң 31 желтоқсанына қолданыста болатын заңда белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнiң 12 еселенген мөлшерiнен асып түсетiн сомада Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерлерде орналасқан шетелдiк банктердегi шоттарда есептi салық кезеңiнiң 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ақшасы бар, Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар;

"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiн (Салық кодексi) қолданысқа енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы заңының 363 бабының 1 тармағының 12 тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар есептi салық кезеңiнiң 31 желтоқсандағы жағдай бойынша меншiк құқығында:

шет мемлекеттiң заңнамасына сәйкес шет мемлекеттiң құзыреттi органында (ол бойынша құқықтар және (немесе) мәмiлелер) мемлекеттiк немесе өзге де тiркелуге (есепке алынуға) жататын жылжымайтын мүлкi;

эмитенттерi Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тiркелген бағалы қағаздары;

Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тiркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесi бар Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және адамдарға тапсырады.

Мақаланың шыққан күні: 30.01.2019
Қаралым саны: 233

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіздің жасыңыз?