Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 376.51
EUR | KZT 418.91
RUB | KZT 6.13
Көкшетау қ.
-6 °C
2020 ж. қаңтардың 19
КӘСІПКЕРЛЕР НАЗАРЫНА!

2019 жылғы шiлдеде Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлiгi Iшкi сауда ережелерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiздi.

Ең маңызды келесi ережелер болып табылады:

Iшкi сауда субъектiлерiне iшкi сауданы жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар жатады

Әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына (бұдан әрi-ӘМАТ) бағаларды қоспағанда, тауарларға бағаларды iшкi сауда субъектiлерi дербес айқындайды.

Iшкi бөлшек сауда субъектiлерi ӘМАТ-на өндiрушiнiң немесе көтерме сауда өнiм берушiсiнiң сатып алу бағасының 15 % аспайтын мөлшерде сауда үстемесiн белгiлейдi.

ӘМАТ тiзбесi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлген және құрамында 19 атау бар (1-сұрыпты бидай ұнынан жасалған нан, бiрiншi сұрыпты бидай ұны, күрiш, қарақұмық жармасы, рожки, сиыр етi (сүйектерi бар жауырын — кеуде бөлiгi), тауық етi (самырсын және оған жапсарлас жұмсағы бар берц сүйегi), пастерленген сүт 2,5%, майлылығы 2,5% айран, майлылығы 5-9% сүзбе,

I санатты тауық жұмыртқасы, тұздалмаған сары май, майлылығы 72,5% кем емес, күнбағыс майы, ақ қауданды қырыққабат, басты пияз, асхана сәбiзi, картоп, құмшекер, ас тұзы («Экстрадан» басқа).

ӘМАТ беру шарттарын жасасу кезiнде шектi сауда үстемесiнiң мөлшерi мiндеттi түрде белгiленуге тиiс. Осы талап бұзылып жасалған мәмiле жарамсыз болады («Сауда қызметiн реттеу туралы» ҚР Заңының 9-бабы).

Бөлшек сауда кәсiпорны тауарды сауда объектiсiнiң iшкi және (немесе) сыртқы витриналарында қойылған бағалар жапсырмасымен ресiмделген құн бойынша өткiзедi.

Iшкi сауда субъектiсi тұтынушылардың фото -, бейне түсiрудi қолдануға қатысты мүмкiндiгiн шектемейдi.

Мақаланың шыққан күні: 10.12.2019
Қаралым саны: 139

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус