Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 389.86
EUR | KZT 435.32
RUB | KZT 6.12
Көкшетау қ.
-2 °C
2019 ж. қазанның 22
Түбегейлі жобалар көрмесі өтті

«Достар» мәдениет сара-йында ұсынылған 16 жобаның iшiнде тұрғын үй-шаруашылық нысандары, жөнделетiн жолдар, «Васильковка», «Сарыарқа», «Боровской» мөлтек аудандары, Станционный поселкесi, Қылшақты өзенiнiң бойы, бiрнеше көшелердi абаттандыру мен жаңартудың түбегейлi жобалары, нақты есебi мен мерзiмi көрсетiлген. Ең бастысы, Көкшетау қаласы тынымсыз тiрлiк пен толассыз жұмыстар қызатын қалаға айналады.

Бұл шаруалар 2020 жылға дейiн жоспарланған. Көрмеге арнайы келген облыс әкiмi Мәлiк Мырзалиндi қала әкiмi Ермек Маржықпаев шаһарды көркейту және дамытуға қатысты макет және түбегейлi жоба түрiндегi үлгiсiмен таныстырды. Бас-ты мақсат, Көкшетау қаласын геосаяси, аумақтық және инфрақұрылымдық бағытта өркендету. Облыс орталығын дамыту мен игерудiң 1-шi кезеңiнiң концепциясы бойынша өңiрге қоныс аударушылар мен iшкi миграция есебi, «Бурабай» аймағын әлемдiк деңгейге көтеру және Көкшетау қаласымен оны экологиялық, экономикалық және жобалық жүйеге бiрiктiру көзделген. Сондай-ақ, Көкшетау қаласының әуежайын дамудың логистикалық, туристiк хабы ретiнде өңiрдi жалпы стратегиялық басқару тетiгiне айналдыру назарға алынады.

Геосаяси, аумақтық, инфрақұ-рылымдық даму мүмкiндiгi, қалыпты экологиялық жағдайды есепке алып, облыс орталығының логистикалық құрылымы, өндiрiсi мен ауылшаруашылық индустрия-сы Көкшетауды курортты қалаға айналдыруға әбден лайықты етпек.

Сәулет-жобаның негiзгi идеясы бойынша қатып қалған функциялық аймақтандырудан бас тартып, қала аумағын ашық, байланысқа ыңғайлы, әмбебап, аралас және бағдарлы ету көзделген. Көкшетаудың ескi бөлiгiн жаңарту мен жаңа аудандарын салу кезiнде қаланың бас-ты құрылымдық элементi — Қопа көлi әлеуметтiк инфрақұрылым, тұрғындардың демалыс орны және облыс орталығының қоғамдық өмiрiмен байланысты жерi ретiнде есепке алынатын болады. Қалалық сәулет және қалақұрылысы бөлiмiнiң жетекшiсi Илуа Әбеновтың айтуынша, осы кезге дейiнгi 13,93 және 33,5 гектар жерге жоспарланған жұмыстар толық атқарылды. Ендi 38,6 және 88,5 гектар жерде құрылыс жұмыстары қолға алынады. Негiзгi назар қаланың солтүстiк аумағына аударылады. Қылшақты өзенiнiң бойындағы 72 гектар жерге салынған тұрғын үйде 5000-ға жуық адам тұрып жатыр. Алдағы уақытта олардың санын жетi мыңға жеткiзу жоспарланған. Бұл маңда шағын, орташа, көпқабатты тұрғын үйлер салынбақ.

Жоба бойынша қалада 140 орындық екi балабақша, күнiне 180 адамды қабылдайтын емхана, сонымен қатар әкiмшiлiк, сауда орталықтары мен ойын-сауық орындарын кей аумақтарда бұрыннан бар ғимараттарға кiрiктiрiп салу жоспарланып отыр. «Васильковка» мөлтек ауданының солтүстiк бөлiгiндегi аумағы 28 және 94 гектар жердiң түбегейлi құрылыс жобасы ұсынылды. 18 мың адамға лайықталған аумақта болашақта орташа және көпқабатты тұрғын үйлер салынбақ. Сонымен қатар 3000 орындық стадионы, спорт- залдары мен ашық алаңдары бар спорттық-сауықтыру орталығының құрылысы қолға алынатын болады. Түрлi үйiрмелерi бар балаларға арналған оқыту-дамыту кешенiн салу жобасы да көрсетiлдi.

Астана-Щучье бағытындағы Уәлиханов көшесiнен шыға берiсте тұрғын үй және қоғамдық құрылыс, Зерендi трассасы бағытындағы 312 гектар жердiң де түбегейлi жобасы ұсынылған. 38,6 гектар аумақтағы iрi панельдi үй, «Нұрлы жер» мемлекеттiк бағдарлама шеңберiндегi типтiк жобалар да бар. 2020 жылға қарай қала тұрғындарының саны 200 мыңға жетедi. Соған орай заманауи тұрғын үйлер, коммерциялық нысандар, сервистi коммуналдық қызмет пен көлiк инфрақұрылымын енгiзу қарастырылған. Құрылыс жұмыстарының жандануымен су, жылу, электр, кәрiз жүйелерi де жаңғыртылады. Көрме барысында «Урбостиль», «Қолдау», «Казгражданпроект», «Алуастрой», «Градкомплекс» сияқты астаналық, алматылық және жергiлiктi жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк жетекшiлерi мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс, табиғатты қорғау мен пайдалану басқармалары мен бөлiмдерiнiң жетекшiлерi баяндама жасады.

Гәкку АСЫЛБЕКҚЫЗЫ.

Мақаланың шыққан күні: 25.01.2018
Қаралым саны: 831

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіз қандай санатқа жатасыз?