Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 387.34
EUR | KZT 428.44
RUB | KZT 6.04
Көкшетау қ.
13 °C
2019 ж. қыркүйектiң 19
2018 жылдың қорытындысы бойынша Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған бағдарламасы туралы ақпарат

Көкшетау қаласы әкiмдiгiнiң «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-не жұмыс iздестiруге — 2 616 адам өтiнiш бiлдiрдi, соның iшiнде Жұмыспен қамту орталығының көмегiмен 2,537 адам жұмысқа орналастырылды. Есептi кезеңнiң соңында 91 адам жұмыссыз ретiнде тiркелдi.

Өнеркәсiп, шағын және орта бизнес саласында жылдық жоспарда 1 920 жұмыс орны, 2 060 жаңа жұмыс орны құрылды немесе 107,3%, оның iшiнде 1 774 тұрақты жұмыс орны және 286 уақытша жұмыс орны.

103 мүмкiндiгi шектеулi адам жұмысқа орналастырылды, оның iшiнде 32 адам қоғамдық жұмыстар, жастар практикасы және оқыту сияқты жұмыспен қамтудың белсендi нысандарына жiберiлдi.

Бұдан басқа, «Бағдарлама қатысушыларын техникалық және кәсiптiк бiлiммен және қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқытумен қамтамасыз ету» бiрiншi бағыты шеңберiнде:

1. Еңбек нарығының қажеттiлiгiн ескере отырып, техникалық және кәсiптiк бiлiмi бар кадрларды даярлау Көкшетау қаласының бiлiм беру бөлiмiмен 315 жолдама берiлдi;

2. Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсiптер мен дағдылар бойынша жұмысшы кадрларды қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқыту жоспарда 90 адам, 139 адам немесе 154,4% жiберiлдi.

«Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» екiншi бағыты шеңберiнде:

1. Кәсiпкерлiк бастамаларды қолдау аясында 43 адам 486 416 млн. теңге сомасына микрокредит алды, жоспар бойынша 37 адам.

«Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» үшiншi бағыты шеңберiнде:

1. Әлеуметтiк жұмыс орындарын құру жоспарда 53 адам, 92 адам жiберiлдi немесе 173,6%;

2. Жастар практикасын ұйымдастыру (РБ) жоспарда 55 адам, 81 адам жiберiлдi немесе 147,3%;

3. Жастар практикасын ұйымдастыру (ЖБ) жоспарда 100 адам, 101 адам жiберiлдi немесе 101%;

4. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру жоспарда 200 адам, 242 адам жiберiлдi немесе 121%.

Мақаланың шыққан күні: 06.06.2019
Қаралым саны: 194

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіздің жасыңыз?