Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 379.36
EUR | KZT 424.47
RUB | KZT 5.88
Көкшетау қ.
9 °C
2019 ж. мамырдың 27
2019 жылғы 13 мамырға арналған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыру туралы ақпарат

2019 жылғы 13 мамырдағы жағдай бойынша Көкшетау қаласы әкiмдiгiнiң «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-не 1 172 адам жұмыс iздеп келдi, Жұмыспен қамту орталығының көмегiмен 560 адам жұмысқа орналастырылды. Өтiнiш бiлдiргендердiң санынан жұмысқа орналастыру үлесi 47,8% құрады.

Айдың соңында дерекқорда қаланың 190 кәсiпорны мен мекемесiнен 448 бос жұмыс орны тiркелген.

2019 жылғы 13 мамырдағы жағдай бойынша өнеркәсiп, шағын және орта бизнес саласында 638 жаңа жұмыс орны құрылды, жылдық жоспар бойынша 1 920 жұмыс орны немесе 33,2%, оның iшiнде 440 тұрақты жұмыс орны және 198 уақытша жұмыс орны.

2019 ж. 13.05. мүмкiндiктерi шектеулi 45 адам жұмысқа орналастырылды, оның iшiнде 34 адам қоғамдық жұмыстар, жастар практикасы және оқыту секiлдi жұмыспен қамтудың белсендi нысандарына жiберiлдi.

«Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсiптiк бiлiммен және қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқытумен қамтамасыз ету» бiрiншi бағыты шеңберiнде:

1. Еңбек нарығының қажеттiлiгiн ескере отырып, техникалық және кәсiптiк бiлiмi бар кадрларды даярлау;

2. Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсiптер мен дағдылар бойынша жұмысшы кадрларды қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқытуға жоспар бойынша 235 адам көзделген. Оқуға 77 адам жiберiлдi немесе 32,8%.

«Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» үшiншi бағыты шеңберiнде:

1. Әлеуметтiк жұмыс орындарын құру жоспарда 55 адам, 62 адам жiберiлдi немесе 112,7%;

2. Жастар практикасын ұйымдастыру (РБ) жоспарда 60 адам, 25 адам жiберiлдi немесе 41,6% ;

3. Жастар практикасын ұйымдастыру (ЖБ) жоспарда 70 адам, 37 адам жiберiлдi немесе 52,8%;

4. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру жоспарда 200 адам, 136 адам жiберiлдi немесе 68%.

Бекiтiлген медиа-жоспарға сәйкес 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Көкшетау қаласы әкiмдiгiнiң «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ жеке әңгiмелесу және телефонмен хабарлау арқылы халықтың арасында мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру (бұдан әрi — МӘМС) жүйесiне, жинақтаушы зейнетақы жүйесiне бейресми жұмыспен қамтылған адамдарды тарту мақсатында БЖТ енгiзу туралы ақпарат беру жұмыстарын жүргiзуде.

Жаңа форматтағы АӘК енгiзiлуiне және «Атаулы әлеуметтiк көмек туралы» ҚР Заңына өзгерiстер енгiзiлуiне байланысты Халықты жұмыспен қамту орталығымен атаулы әлеуметтiк көмек алу бойынша 2390 кеңес берiлдi, 1052 отбасы алушылар болды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Көкшетау қаласы әкiмдiгiнiң «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нiң мына мекенжайы бойынша хабарласыңыз: Сүлейменов к-сi, 23/1.

Мақаланың шыққан күні: 13.05.2019
Қаралым саны: 70

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіз қандай санатқа жатасыз?