Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 387.16
EUR | KZT 428.47
RUB | KZT 6.08
Көкшетау қ.
-24 °C
2019 ж. қарашаның 20
Жеке меншікке және уақытша өтеулі, 5 жыл мерзімге сатып алу құқығымен ұсынатын жер учаскілерінің ақпараттық хабарламасы

2019 жылдың 15 қарашадағы сағат 10.00-де Акмола облысы, Көкшетау қаласы, М. Әуезов көшесі, 141 (Көкшетау қаласының әкімдік ғимараты, үлкен мәжіліс залы) мекенжайы бойынша, «Ағылшын» бағаның өсу әдісімен аукцион өткізіледі.

Сатуға қоса тіркеледі:

Жер учаскесінің орналасқан мекенжайы Аумағы (га) Жер учаскесінің пайдалану мақсаты Жер учаскесінің жылсайынғыжалдау төлемінің көлемі, теңге Жер учаскесін жалға алу құқығының бастапқы бағасы (кадастрлық (бағалау) құнынаң 10 %), теңге Кепілдік жарна сомасы (50 АЕК)/Сауда-саттық объектісінің ең төменгі бағасынан 5%, теңге  
 
1 Көкшетау қ., ш / а."Васильковский", 18 үйауданы 0,4600 жапсарластұрғынемесүй-жайлары бар көп пәтерлі тұрғын үй құрылысы үшін 46 663 941 850 126 250  
2 Көкшетау қ., ш / а. Центральный, 24 А үй ауданы 0,7757 9 қабатты тұрғын үй құрылысы үшін 78 688 1 628 970 126 250  
3 Көкшетау қ., ш / а. Центральный, 24 А үй ауданы 0,7758 9 қабатты тұрғын үй құрылысы үшін 78 698 1 629 180 126 250  
4 Көкшетау қ., ш / а. Центральный, 24 А үй ауданы 0,6030 9 қабатты тұрғын үй құрылысы үшін 61 169 1 266 300 126 250  
5 Көкшетау қ., ш / а. Центральный, 24 А үй ауданы 0,6027 9 қабатты тұрғын үй құрылысы үшін 61 138 1 265 670 126 250  
6 Көкшетау қ., ш / а. Центральный, 24 А үй ауданы 0,5419 5 қабатты тұрғын үй құрылысы үшін 54 970 1 137 990 126 250  

Аукционды өткізу шарттары: аукционды аукционшы өткізеді. Әрбір сауда-саттық объектісі бойынша аукцион аукционшының өз атауын, қысқаша сипаттамасын, аукционды өткізу әдісін, бастапқы баға мен бағалардың өзгеру қадамын хабарлауынан басталады. Аукцион ағылшындық әдіс бойынша өтізіледі (бастапқы бағасының өсуіне қарай). Аукционшы сауда-саттық процесінде қадамдардың өзгеруі туралы хабарлайды. Бұл ретте, қадам объектінің ағымдағы бағасының бестен он пайызына дейінгі шектерде өзгереді. Аукционшы объектінің бастапқы бағасы мен бағаның ұлғаю қадамын хабарлайды. Сауда-саттықта қатысушылардың нөмірді көтеруі бастапқы бағаны өсіреді, бірақ ол хабарланған қадамнан кем болмауы керек. Аукционшы объект бойынша аукционға қатысушылардың аукциондық нөмірлерін хабарлайды, бағаны бекітеді және оны өсіруді ұсынады. Аукционшы объект үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушыны хабарлайды. Аукционшы объектінің соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқа көтерілген нөмірлер болмаған кезде балға соғу арқылы аталған объектінің сатылғаны туралы хабарлайды. Сауда-саттық жеңімпазы анықталғаннан кейін сатушы сауда-саттық өткізу рәсімдерін, сондай-ақ сатып алу-сату шартын жасасу және оның талаптарын орындау жөніндегі тиісті міндеттерді орындамаған жағдайда, сатушы сауда-саттықта осы объект үшін шамасына қарай екінші баға берген қатысушыға (екінші сатып алушы) объектіні сатып алу құқығын береді;

Жер учаскелерінің жалдау құқығын сату шарттары және ауыртпалықтар (шектеулер) тізілімі: сатып алушы: аукцион өткізілетін күні оның нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюға, "Көкшетау қаласының жер қатынастары бөлімі" ММ-мен Көкшетау қаласы әкімдігінің тиісті қаулысы қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жер учаскесінің жалдау құқығын сатып алу-сату шартын жасасуға және ол бойынша міндеттерді орындауға, игерілу шарттары туралы шартты жасасуға, жер учаскесін оның нысаналы мақсатына сай пайдалануға, қажет болған жағдайда, мүдделі тұлғаларға жер учаскесін шектеулі пайдалану құқығын (сервитут) беруге, жалдау төлемін уақытылы өтеуге міндетті.

Берілген жер учаскесінің шекарасынан инженерлік коммуникацияларды ауыстыру жеке жүргізіледі, яғни сауда-саттықтың жеңімпазы.

Сауда-саттықта белгіленген учаскенің аукциондық құны 50%мөлшердегі аванстық төлем сатып алу-сату шартына қол қойылғаннан кейін банктік 5 күннен кешіктірілмейтін мерзімде төленеді, ал қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмей енгізілуі қажет.

Кепілдік жарна депозит шотына салынады:ИИК KZ050705034630251006, Ақмола облысының Қаржы Департаменты, БИК KKMFKZ2A,

БСН 050140008027, ММ кодтары 4630251, КНП 171, КБЕ 12

Ескертпе:әрбір сауда-саттық объектісі бойынша кепілдік жарна жеке енгізіледі.

Аукцион қатысушысы ретінде тіркелу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет: 1) аукционға қатысуға өтінім; 2) кепілдік жарнаның енгізілгендігін растайтын төлем құжат; 3) өкілеттің өкілеттілігін куәландыратын құжат. Көшірмелердің дұрыстылығын растау үшін түпнұсқалары салыстыру үшін беріледі. Шетел азаматтары және шетелдік заңды тұлғалар қазақ және орыс тілдеріне аударылған нотариалды куәландырылған шетел паспорты мен құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелерін ұсынады.

Қатысушылар кепілдік жарналардың кез келген санын енгізуге құқылы, бұл ретте бір кепілдік жарна бір жер учаскесін сатып алуға құқық береді.

Аукционға қатысуға өтінімдерді қабылдау және аукционда қатысушылардың тіркелуі хабарлама берген күннен басталады. Мына мекенжайы бойынша: Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89, 4 қабат, 417 кабинет. 2019 жылдың 14 қарашада сағат 10.00-де аяқталады.

Анықтама телефоны 251580, 254679, 253556.

Мақаланың шыққан күні: 31.10.2019
Қаралым саны: 97

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіз қандай санатқа жатасыз?