Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 378.83
EUR | KZT 430.99
RUB | KZT 6.04
Көкшетау қ.
18 °C
2019 ж. маусымның 26
Мәдениет саласына – мәртебе мен марапат

«Көкшетау» мәдениет сарайында мәдениет саласы және өнер қызметкерлерi күнiне арналған салтанатты жиын өтiп, онда «Ақмола жұлдыздары» халық шығармашылығы облыстық байқауының қорытындысы жарияланып, гала-концерт тамашаланды.

Жиынға Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев қатысып, саланың озат қызметкерлерi мен ардагерлерiн марапаттап, «Ақмола жұлдыздарының» жеңiмпаздарына Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыстады. «Бiздiң өңiр қашанда өзiнiң тарлан таланттары, дәстүрлi бай мұрасымен танымал. Мәдениет саласының қызметкерлерi сол мұраны кеңiнен насихаттап, дәстүрдi жалғастырып, елiмiздiң кемел өркендеуiне өз үлестерiн қосып келедi» дедi облыс басшысы. Облыста халық шығармашылығы байқауын өткiзу игi дәстүрге айналды. Осы шарада өнерпаздар өз мүмкiндiктерiн, iзденiстерi мен шеберлiктерiн сан қырынан көрсетiп, өнер айдынына жол тартады. Биылғы байқауға 221 селолық округтен 50 мың адам қатысқан. Жаңа 110 шығармашылық ұжым, 151 әншi сахнаға шыққан.

Шарада 60-тан астам мәде-ниет саласының қызметкерлерi мен шығармашылық адамдары «Мәдениет саласының ардагерi», «Мәдениет саласының үздiгi» төсбелгiсi, Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Құрмет грамоталарымен марапатталды. Олардың iшiнде әншi-композитор Иран Тасқара, дәстүрлi әншi Бисара Мәкенова, жазушы-драматург, «Бұқпа!» газетiнiң бас редакторы Төлеген Қажыбай, облыстық әдебиет және өнер музейiнiң директоры Нұрбек Жамашұлы, тағы басқалар бар. Соңғы жылдары өлкетану iсiмен тиянақты айналысып, iзденiс, зерттеулерiнiң арқасында оқырманға бiрнеше танымдық кiтаптар ұсынған Мұрат Ыдырысовқа «Үздiк өлкетанушы» төсбелгiсi табысталды. «Ақмола жұлдыздары» байқауының қорытындысы бойынша бiрiншi орындарға Степногорск қаласы, Бурабай, Аршалы аудандары ие болып, оларға облыс әкiмi дыбыс жазу студиясы қондырғысын табыстады. Ал, Гран-при иегерлерi атанған Көкшетау қаласы, Есiл, Целиноград аудандарына өңiр басшысы жеңiл автокөлiктер атап, кiлттерiн ұсынды.

Облыс бойынша 257 клуб, 370 кiтапхана, 11 музей, 2 театр, Үiкiлi Ыбырай атындағы облыстық филармония, облыстық халық шығармашылығы орталығы, тарихи-мәдени мұраларды қорғау жөнiндегi орталық жұмыс жасайды. Соңғы 3 жылда 46 мәдениет нысаны жөндеуден өткiзiлген. Үстiмiздегi жылы тағы 7 нысанды жөндеу жоспарланып отыр. 2 облыстық музейдi қалпына келтiру, жөндеу жұмыстары жүрiп жатыр. «Ұлы даланың жетi қыры» бағдарламасы бойынша Бiржан сал, Ақан серi, Балуан Шолақ, Кенесары ханға Щучье-Нұр-Сұлтан күрежолы бойынан ескерткiштер салынбақ.

Сөйтiп, мәдениет саласы қызметкерлерi күнi облысымызда салтанатты түрде аталып өтiлдi. Облыс өнерпаздары кеңiнен тартылған, гала-концерт көптеген жанрларды қамтып, жаңа есiмдердi таныстыруымен ерекшелендi.

Мақаланың шыққан күні: 05.06.2019
Қаралым саны: 77

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіз қандай санатқа жатасыз?

Сіздің жасыңыз?