Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 371.31
EUR | KZT 419.32
RUB | KZT 5.59
Көкшетау қ.
-15 °C
2018 ж. желтоқсанның 15
Ауқымды жобалар алға басады

Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң орынбасары — Ауыл шаруашылығы министрi Өмiрзақ Шөкеев жұмыс сапарымен Ақмола облысында болып, өңiрдiң тыныс-тiршiлiгiмен танысты.

Сапар барысында Вице-премьер Бұланды ауданының Алтынды ауылындағы «Қайрат» шаруа қожалығында, Бурабай ауданындағы «Казбифпроцессинг» және «Есiл-Агро» серiктестiктерiнде болды. Сондай-ақ, Көкшетаудағы Еуразиялық экономикалық кеңес аясында құрылған «Қазақстан агроинновациялық корпорациясы» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң өндiрiс цехтарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Облыстық әкiмдiкте Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң орынбасары — Ауыл шаруашылығы министрi Өмiрзақ Шөкеев ауылшаруашылығын дамыту мәселелерi бойынша кеңес өткiздi. Кеңестi облыс әкiмi Мәлiк Мырзалин ашып, өңiрдiң ауылшаруашылығы саласының даму жағдайын қысқаша айтып өттi.

Кеңес барысында вице-премьер алдағы көктемгi дала жұмыстарын ойдағыдай өткiзу мәселесiне де тоқталды. Мемлекет аграршыларды қолдауды одан әрi жалғастыратынын айта келе, бөлiнетiн көмек қаржы мен несиелер цифрлық форматта орналастырылатынын, бұл қаржы айналымының ашықтығы мен қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ететiнiн атап өттi. Кеңесте мал шаруашылығы да сөз болды. Әсiресе, еттi және сүттi мал шаруашылығын дамыту және малдың iндетiн болдырмау, мал дәрiгерлiк қызметтi жетiлдiру мәселелерi де айтылды.

Мақаланың шыққан күні: 05.04.2018
Қаралым саны: 297
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Біздің сайтқа не арқылы кірдіңіз?