Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 378.83
EUR | KZT 430.99
RUB | KZT 6.04
Көкшетау қ.
18 °C
2019 ж. маусымның 26
Көкшетаулық өнерпаздар Гран-при жүлдесін иеленді

Жыл сайын дәстүрлi түрде өтетiн облыстық «Ақмола жұлдыздары» байқауының гала-концертi «Көкшетау» мәдениет сарайында өттi. Халықаралық «ЕХРО-2017» мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк рәмiздерiнiң 25 жылдығына арналған халық шығармашылығы кешi жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Өңiрдiң барлық аудандары мен қалаларынан жиналған өнерпаздар бiр қолдың саласындай бiрiге өнер көрсеттi. Жеңiмпаздарға сыйлықтарын тарту еткен облыс әкiмi Мәлiк Мырзалин ұйымдастырушыларға алғысын бiлдiрдi.

Облыс әкiмi Мәлiк Мырзалин қала әкiмi Ермек Маржықпаев пен қалалық мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң жетекшiсi Айгүл Сәбитоваға «Ақмола жұлдыздары» байқауының жеңiмпазы деп танылған Көкшетау қаласының өнерпаздарына Гран-при жүлдесi — автокөлiктiң кiлтiн және дипломын тапсырды.

Гала-концерт басталмас бұрын «Көкшетау» мәдениет сарайының алдында қолданбалы өнер шеберлерiнiң көрмесi мен ұлттық киiм үлгiлерi келушiлер назарына ұсынылды. «Ақмола жұлдыздары» байқауы осымен 17-шi рет ұйымдастырылуда. Жыл сайын жаңа ұжымдар, жаңа солистер және орындаушылардың қатары өсiп келедi. Биыл аталған мәдени шараға 223 ауылдық округтен 20 мың адам қатысып, фольклор мен классиканың түрлi жанрын алға тартты. Айта кету керек, гала-концертке мықтылардың мықтысы, шеберлердiң шеберi шығады. Тағы бiр ерекшелiк, композицияларды бiрiге орындайды, яғни ұлт-аспаптар оркестрi, солистер, бишiлер, термешiлер мен күйшiлер бiр шығарманы қосыла орындайды. Арасы үзiлiссiз, iркiлiссiз жүредi. Бiр композиция аяқталып жатқанда, екiншi композиция жалғасып кетедi. Көрермен де жалықпайды, әрi әсерлi шығады. Гала-концерттi тамашалауға келген көрермен залға лық толды. Тiптi, iшке сыймай, сырта қалып қойғандары қаншама. Әр ауданнан келген жан-

күйерлер өз өнерпаздарына қошемет көрсетiп, қолдап отырды. Мәдени шараға қатысушыларды облыс әкiмi Мәлiк Мырзалин құттықтады. Ұрпақтар мен халықтар арасындағы алтын көпiр саналатын осы сала қызметкерлерi ұлттың мәдени-генетикалық кодын сақ-

таушы, қоғамдық сананы жаңғыртушы екенiн айтты. «Ақмола жұлдыздары» облыстық халық шығармашылығы байқауының бiрiншi орын иелерi болып Степногор қаласы, Бурабай, Аршалы және Зерендi аудандары танылды. Облыс әкiмi жеңiмпаздарға бағалы сыйлықтар тапсырды. Ал, Гран-при жүлдесi Көкшетау қаласы, Бұланды мен Целиноград аудандарына бұйырып, жеңiмпаздарға автомобильдер тарту етiлдi.

Гәкку АСЫЛБЕКҚЫЗЫ.

Мақаланың шыққан күні: 24.05.2017
Қаралым саны: 710

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіз қандай санатқа жатасыз?

Сіздің жасыңыз?