Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 387.37
EUR | KZT 428.55
RUB | KZT 6.06
Көкшетау қ.
-16 °C
2019 ж. қарашаның 21
Ғасыр құрдасы – Сәлима әже!

Көкшетау қалалық мәсли-хатының хатшысы Бауыржан Ғайса мен қалалық соғыс және еңбек ардагерлерi кеңесiнiң төрағасы Шияп Әлиев ғасыр құрдасы Сәлима Әлиеваның үйiнде болып, қарияның тұрмыс жағдайымен танысты.

Сәлима Баязитқызы Ақжар ауданында сонау 1917 жылғы 1 қаңтарда дүниеге келiптi. Ата-аналары ауқатты болғандықтан құлақтар тiзiмiне легiп, қуғынға ұшырайды. Соның салдарынан 1937 жылы үй-мүлкiн тастап, Омбы облысында тұратын туыстарына көшiп кетедi. Арада үш жыл өткеннен кейiн бойжеткен қыз Сәлима тұрмыс құрып, 1941 жылы жолдасы Сабырды және ағаларын майданға шығарып салады. Тылда егiншiлiк саласымен айналыс-ты. Сталинград, Будапешт жанында өткен қан қилы майданға қатысқан

күйеуi Сабыр елге 1944 жылы оралады. Тұрмыстың ауыр жылдары дүниеге келген жетi сәбиi бiрiнен соң бiрi шетiнеп, одан кейiн туған балалары ғана аман қалады. Бұлар Қазақстанға 1957 жылы оралды. 1994 жылы жұбайы Сабыр дүние салады. Бүгiнгi таңда Сәлима әже немересiмен бiрге тұрады. Алланың бергенi сол емес пе бүгiнгi таңда ғасыр құрдасы атанған көнекөз қария 23 немере, 23 шөбере сүйiп, бақытқа бөленiп отыр. Емен-жарқын әңгiме барысында қалалық мәслихат хатшысы Бауыржан Ғайса мерейтой иесiне қала әкiмi Ермек Маржықпаевтың атынан ақшалай сыйлық пен гүл тарту еттi. Сәлима әже өзiн құттықтауға келген азаматтарға ризашылығын бiлдiрiп, альбомдағы ескi фотолар мен құжаттарды көрсетiп, естелiктер айтты.

Мақаланың шыққан күні: 13.04.2017
Қаралым саны: 311

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіз қандай санатқа жатасыз?