Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 378.83
EUR | KZT 430.99
RUB | KZT 6.04
Көкшетау қ.
18 °C
2019 ж. маусымның 26
Ғалым мұрасы насихатталуда

Көкшетаудағы Мәлiк Ғабдуллин музейiнде Кеңестер Одағының Батыры, академик, педагог, жазушы, қоғам қайраткерi Мәлiк Ғабдуллиннiң өмiрi мен шығармашылығына, қоғамдық қызметiне арналған «Мәлiк Ғабдуллин — ұлы дала мақтанышы» атты альбом-кiтаптың тұсаукесерi өттi.

Бұған дейiн жерлес ғалымның этнопедагогика және әдеби мұрасын насихаттаған 11 томдық жинағы жарық көрген болатын. Тұсаукесер рәсiмге облыс әкiмi Мәлiк Мырзалин қатысып, альбом-кiтапты музейге тарту еттi.

Өңiр басшысы айтулы шараның маңызына тоқталып, жерлес ғалымның артында қалған мол мұрасының кейiнгi толқынға үлгi болатынын айтты. Сондықтан музейге келушiлерге кеңiрек мағлұмат беретiн альбом-кiтап уақытында шығарылып отыр. Ол Алматы қаласындағы «Алтын кiтап» баспасынан 1000 данамен жарық көрген. Баспаның директоры Вячеслав Титенев рәсiмге арнайы келiп қатысты. Ол академик-ғалымның өмiрiнен жас толқын өзiне қажеттiсiн алып, болашағын айқындай алады дедi. Шара барысында жазушы Жабал Ерғалиев, Мәлiк Ғабдуллин музейiнiң директоры Құдайберлi Мырзабек те сөз алды. Альбом-кiтаптың тұсаукесер рәсiмiне астаналық ғалымдар, көкшетаулық қаламгерлер, әдебиеттанушылар және ғалымның туысқандары қатысты.

Мақаланың шыққан күні: 21.11.2018
Қаралым саны: 190

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіз қандай санатқа жатасыз?

Сіздің жасыңыз?