Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 385.16
EUR | KZT 425.95
RUB | KZT 6.01
Көкшетау қ.
16 °C
2019 ж. қыркүйектiң 16
«ForteBank» филиалының жаңа ғимараты ашылды

Көкшетауда «ForteBank» акционерлiк қоғамы филиалының жаңа кеңсесi ашылды. Жаңа офистiң ашылу салтанатына қатысқан Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин банк ұжымын осынау қуаныштарымен құттықтады.

Қазiргi заманға сай жабдықталған жаңа кеңседе заңды және жеке тұлғаларға арналған банк қызметiнiң барлық түрi көрсетiлмек. Осы күнi облыста аталмыш банктiң 30 мыңға жуық клиентi бар болса, оның 1 мыңы заңды тұлғалар. Мамандар аймақтағы алғашқы кеңсенiң ашылуы банк қызметiнiң сапасын жақсартып, өңiрдегi шағын және орта бизнестi дамытуға өзiндiк серпiн бередi деп отыр. «Елiмiздегi қаржы институттарының iшiнде «ForteBank» акционерлiк қоғамының алар орны ерекше. Сондықтан, ақмолалық кәсiпкерлермен өзара бiрлескен жобалар жасауға банк тарапынан оң қадамдар болады деп сенемiн. Әсiресе, облыс-

тағы өнеркәсiп пен шағын және орта бизнес саласында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мен несиелiк жәрдем көрсетуге септiгi тиетiнi сөзсiз», — деп атап өттi аймақ басшысы. Шара барысында аймақ басшысы Мәлiк Мырзалин және «ForteBank» акционерлiк қоғамы басқармасының төрағасы Мағжан Әуезов өзара әрiптестiк туралы екiжақты меморандумға қол қойды. Қазiрдiң өзiнде аталмыш банк облыста 16 миллиард теңгенiң жобаларын қаржыландырды. Сондай-ақ, 7 миллиард теңгеге жеке тұлғаларға несие берiлген.

Мақаланың шыққан күні: 20.05.2017
Қаралым саны: 524

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіздің жасыңыз?