Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 371.31
EUR | KZT 419.32
RUB | KZT 5.59
Көкшетау қ.
-11 °C
2018 ж. желтоқсанның 16
Қажет іс қолдаусыз қалмайды

Облыс әкiмi Мәлiк Мырзалин жұмыс бабымен Көкшетау қаласындағы бiрқатар нысандардың жұмысымен танысты. Сапар барысында өңiр басшысымен Көкшетау қаласының әкiмi Ермек Маржықпаев бiрге болды.

Облыс əкiмi алдымен əдебиет жəне өнер музейiне барды. Мұнда қазiр 9 мыңдай экспонат бар. Музейдiң ғылыми қызметкерлерi қорда бар жергiлiктi ақын-жазушылардың тұтынған заттарымен таныстырды. Атап айтқанда, жазушы Сəкен Жүнiсов, журналист, өнер зерттеушi Кəрiм Iлиясов, жазушы Естай Мырзахметов, сатирик Ерназар Ыбыраевтың көзi тiрiсiнде пайдаланған машинкасы, домбырасы, қолжазбалары, кiтаптары сақталған. Əңгiме барысында музейдiң ғимараты өте ескi екенi де айтылды. 1900-шы жылдары iргетасы қаланған ғимарат рухани ордаға лайықсыз, əрi көктем мен күзде қар, жаңбырда төбесiнен су ағады. Бұл қордағы экспонаттардың бүлiнуiне əкелуi мүмкiн. Өңiр басшысы қалада бұған лайық ғимарат жоқтығын сұрап бiлiп, ендi тек күрделi жөндеу жүргiзiп, музейге лайықтау керектiгiн айтты.

Аймақ басшысы Ауған ардагерлерiнiң өтiнiшi бойынша боздақтарға арналған ескерткiшке барды. Ардагерлер мемориалды биiктеткiсi жəне жанына қосымша композиция қосқысы келедi. Алайда, өңiр басшысы оның қажет емес екендiгiн айтты. Тек бұл жердi абаттандырып, қираған тақталарын жөндеп, аллея жасауға болады дедi. Өңiр басшысы РК-2 бу қазандығының жұмысымен де танысты. Қаланы жылумен қамтып отырған қазандықтың отын қорын сұрап бiлген өңiр басшысы қамсыз қалмауды тапсырды. Өйткенi, көктемнiң салқын күндерi əлi алда. Дегенмен, ескiрген агрегаттар жөндеудi қажет етедi. Қазандықты биыл газға ауыстыру жоспарда тұр. Облыс əкiмi оған көп қаржы қажет, сондықтан, мәселенi жан-жақты ойластыру керектiгiн айтты. Қазақстанда iшiмдiк жəне сусындар өндiретiн iрi кəсiпорын «Натур продукт» серiктестiгi тəулiгiне 40 мың дана алкоголь жəне 1000 дана бес литрлiк таза су шығарады. Сұраныс мол. Кәсiпорын өнiмi Көкшетау, Астана жəне Петропавл қалаларында сатылуда. Бүгiнде жергiлiктi құдықтардан алынған суды өздерiнде тазартып, минералдандырып шығарып жатыр. Айдабол сусындары тұтынушылар тарапынан жоғары бағасын алған. «Натур продукт» серiктестiгiнiң бас директоры Елмұрат Балтабаев өңiр басшысына жұмыстарының барысын баяндап, екi желiлiк цех, қойма жəне купаж бөлiмшелерiн аралатты. Серiктестiк басшысы Марат Сəрсенов «Кроста» атауы-мен шығып жатқан өнiм түрiн көбейтудi жоспарлап отырғанын айтты. «Тау Кон» ЖШС нан жəне тоқаш өнiмдерiнiң 20-дан астам түрiн шығарады. Бүгiнде кəсiпорынның круассандары үлкен сұранысқа ие. Өңiр басшысы Көкшетаудың балмұздағы сияқты жаңа бiр печенье түрiн ойлап тауып, брендке айналдыру керек дедi. Қазiр Қазақстанның барлық қалаларына өнiмiн шығарып отырған кəсiпорынның болашағы зор. Облыс басшысы жиһаз жасайтын «Два Кита» серiктестiгiнiң де жұмысымен танысты.

Гәкку АСЫЛБЕКҚЫЗЫ.

Мақаланың шыққан күні: 01.03.2018
Қаралым саны: 731
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Біздің сайтқа не арқылы кірдіңіз?