Көкшетау қаласының
ресми интернет-ресурсы
«Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты»

Елбасы Н.А. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:
жаңғыру қоғамдық сана» мақаласын талқылау

2017 жылдың 19 сәуiрiнде «Өрлеу» БАҰО АҚФ «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ» «Өрлеу» алғашқы партиялық ұйымының Елбасы Н.А. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: жаңғыру қоғамдық сана» мақаласын талқылау бойынша Ақмола облыстық «НұрОтан» партиясы филиалы төрағасының бiрiншi орынбасары, облыстық мәслихаттың депутаты Ғ.М.Бекмағамбетов және Ақмола облыстық мәслихаттың депутаты, Ақмола облысы әкiмдiгi қарамағындағы мемлекеттiк қызметкерлердi қайта даярлау орталығының директоры Ә.Б.Баймағамбетовтың қатысуымен жиналыс өткiзiлдi.

Негiзгi баяндамашы «Өрлеу» БАҰО АҚ Ақмола облысы бойынша филиалының директоры, «Өрлеу» алғашқы партиялық ұйымының төрағасы Е.Т.Исимбаев «Болашаққа бағдар: жаңғыру қоғамдық сана» мақаласының негiзгi қағидаларын түсiндiрдi.

Алғашқы партиялық ұйымының мүшелерi Президенттiң, үйлесiмдi толықтыруларын конституциялық реформаны, экономикалық қайта құруды Үшiншi жаңғырту жаңа идеологиялық платформаны Қазақстанның табысты дамуының жолдарын зор жiгермен қарсы алып отырғанын баяндады.

И.Г.Дубровина — аталған мақала стратегиялық бағдарламалық құжат екенiн атап, мақалада маңызды мәселелер көтерiлiп оны жүзеге асыру жолдары көрсетiлгенiн атады.

Сөз алушы «әр қазақстандық» бiлiм болашаққа сәттi қадам екенiн айта келiп, жастардың санасында бiлiм бiрiншi орында болуын атады.

Бiздiң институт мұғалiмдердiң кәсiби шеберлiктерiн дамытатын инновациондық орталық болып, бiлiм саласын дамытудың драйверi болуын тiлге тиек еттi.

Одан әрi жарыс сөзге қатысқан М.С.Сайдалин — бiзге маңызды құрамдас жаңғырту сана қоғам бiзге түсiнiктi: ұлттық кодымызды сақтау, салт-дәстүр, рухани ата-баба мұраларын, латын әлiпбиiне көшу бiлiм беру, прагматизм, өз мақсаттарына жету, салауатты өмiр салтын сақтауымыз керектiгi жазылғанын атай келе, Елбасының мақалада көрсетiлген маңызды мәселелердi орындауға барлық күш-жiгерiмiздi жұмсаймыз- деп сөзiн тұйықтады.

Жиналыста Ақмола облыстық «НұрОтан» партиясы филиалы төрағасының бiрiншi орынбасары Ғ.М.Бекмағамбетов сөз алып партия мүшелерiне Президенттiң мақаладағы идеяларын мәдени жолмен насихаттаудың жолдарын кеңiнен түсiндiрдi.

Күн тәртiбiнiң екiншi сұрағы бойынша Ақмола облыстық мәслихаттың депутаты Ә.Б.Баймағамбетов есеп берiп, облыс тұрғындарының маңызды мәселерiн шешудегi жұмыстарын қорытындылап, келешекке бағытталған қызметтерiнiң бағыттарын атады.

Қатысушылар стратегиялық iс-әрекеттер бағдарламасындағы мен басымдықтарға, оның «Болашаққа бағдар: жаңғырту қоғамдық сана» халыққа қуатты серпiн беретiнiне, адами капиталды дамытып сақтауға ықпал етiп бiрлiгi мен ұлттық бiрегейлiктi, бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыратынына сенiмдерiн бiлдiрдi.

Мақаланың шыққан күні: 21.04.2017
Қаралым саны: 499
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

 

 

г.Кокшетау, ул. Ауэзова 141

8 (7162) 29-78-00

8 (7162) 29-78-66

 

akymat_kokshetay@mail.ru

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-78-23, 29-78-24

@2017 «Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы» ММ
Разработка сайта: Компания Интегро