Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 377.95
EUR | KZT 431.2
RUB | KZT 5.66
Көкшетау қ.
-12 °C
2019 ж. қаңтардың 17
Есімі ұмытылмас

Еркеш ақын

Көкшетаудағы қазақтың талантты ақыны Еркеш Ибраһим тұрған Ш.Құдайбердiұлы көшесi, 30 үйге ескерткiш-тақта орнатылды. Ескерткiш лентасын Көкшетау қаласының құрметтi азаматы, белгiлi жазушы Төлеген Қажыбай, ардагер журналист Рүстем Бермағамбетов, Көкшетау қалалық iшкi саясат бөлiмiнiң басшысы Досбол Сағындықовтар қиды. Ақан серi атындағы мәдениет колледжiнде ақынды еске алу кешi өтiп, ақын рухына құран бағышталды. Шараға көкшелiк ақын-жазушылар, зиялы қауым өкiлдерi қатысты.

М.Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кiтапхана жанынан құрылған «Алтын Арқа» ақпараттық-ағартушылық орталығы 2016 жылдан берi жұмыс жасап келедi. Жетекшiсi ақын Серiк Жетпiсқалиев. Бұл осы орталық өткiзiп отырған оныншы шара екен.

– Еркеш Ибраһим Көкшетауды ең көп жырлаған, елiмiзге аты кеңiнен мәлiм ақын, журналист. Оның шығармашылығын насихаттау, қыры-сырын жеткiзу бiзге мiндет. Ал, осы жолғы шараның өтуiне ел ағасы Мұрат қажы Ыдырысов ағамыз ұйытқы болды. Ол кiсiге Төлеген Қажыбай айтқан екен. Ескерткiш-тақтаның орнатылуы, сол күнi алпыс студентке қайырымдылық ас берiлуiне облыс әкiмiнiң орынбасары Асқарбек Үйсiмбаев жәрдемдестi, — дейдi Серiк Сапарұлы.

Еркеш ақын тұрған екi қатарлы үйге қойылған ескерткiш-тақтаның лентасын жазушы Төлеген Қажыбай, журналистика ардагерi Рүстем Бермағамбетов, Көкшетау қалалық iшкi саясат бөлiмiнiң басшысы Досбол Сағындықовтар қиды. Одан соң Ақан серi атындағы колледжде еске алу кешi өттi. Кештi Д.Сағындықов құттықтау сөз сөйлеп ашты. Қонақтарға ақынға арналған кiтап көрмесi таныстырылып, журналист Гәкку Бәйiшева дайындаған «Еркеш елдiң еркесi едi» атты деректi фильм көрсетiлдi, кiтапхана әзiрлеген «Сенде дейдi бiр халықтың намысы» деп аталған электронды басылым ұсынылды. Кеш қонақтары Т.Қажыбай, Р.Бермағамбетов, А.Ыдырысов, Д.Сағындықов, М.Рахымжанова, М.Қопабаевтар Еркеш Ибраһим жөнiнде естелiктер айтты. Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледж, кеш өткен мәдениет колледжiнiң студенттерi ақын өлеңдерiн мәнерлеп оқыды. Облыстық филармонияның әншiлерi Ғазиза Жұмекенова, Сәрсенбай Хасеновтер, оқу орнының «Наз қоңыр» тобы ақын өлеңдерiне жазылған Шәмшi Қалдаяқов, Бақытжан Сәуекенов әндерiн орындады.

Шараның тағылымды, мазмұнды өтуiне облыстық кiтапхананың Махаббат Ивахина басқаратын ақпараттық-библиографиялық бөлiмi, оның Баршагүл Шәрiпова, Аида Амангелдинова сияқты қызметкерлерiнiң көп еңбек сiңiргенiн айта кету ләзiм. Жиын соңында С.Жетпiсқалиев белсендiлiк танытқан студент-жастарға «Алтын Арқа» орталығының Алғыс хаттарын табыс еттi.

Мақаланың шыққан күні: 09.01.2019
Қаралым саны: 26
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Біздің сайтқа не арқылы кірдіңіз?