Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 389.59
EUR | KZT 429.06
RUB | KZT 6.05
Көкшетау қ.
7 °C
2019 ж. қазанның 15
Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласының маңызды объектілерінің құрылысын салу барысымен танысты

Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласы бойынша жұмыс сапарының барысында бiрнеше құрылыс алаңдарында болды. Өңiр басшысына жол, әлеуметтiк инфрақұрылым, тұрғын үй объектiлерi құрылыстарының барысы туралы баяндалды.

Қараша айының басында Қылшақты өзенi арқылы өтетiн көпiр пайдалануға берiледi. Жұмыстар екi ауысымда қарқынды жүргiзiлуде. Қазiргi уақытта құрылысшылар көпiр құрылысындағы күрделi кезеңдердiң бiрiн аяқтауда, судағы екiншi аралық тiректi орнатуда.

Сонымен қатар Ғабдуллин көшесiнде Абай көшесi мен Әуелбеков көшесi шекарасында жол жабынын жөндеу жүргiзiлуде . Жүру бөлiгiн кеңейту, екi жақты жарықтандыру мен тротуар қарастырылған жоба инженерлiк коммуникацияларды — жылудан кәрiзге дейiн ауыстыру қажеттiгiмен қиындап отыр. Көкшетау қаласының әкiмi Амангелдi Смаилов қыстың басына дейiн жолдың төрт жолақты бөлiгi ашылады деп сендiрдi.

Өңiр басшысы онкологиялық емхана құрылысын салу мен жеңiл атлетка манежiн реконструкциялаудың барысына оң баға бердi.

Барыржан Момышұлы көшесi, №58 үйдiң ауласында 5 мың метр квадратқа жуық асфальт төселедi. Соңғы бiрнеше жылда облыс орталығында көпқабатты үйлер секторында жүзден аса аула жөнделдi. Ағымдағы жылы оннан аса аула аумағы заманауи қалыпқа келтiрiледi. «Көкшетау қаласының аула аумақтарын абаттандыруға Мемлекет қомақты қаржы бөлдi. Бiздiң мiндетiмiз оларды толық игеру, тез және сапалы жұмыс iстеу», — дедi Ермек Маржықпаев және кейiн даулы жағдайлар туындамауы үшiн құрылысшылардан тұрғындардың ұсыныстарын ескерудi өтiндi.

Ауданы 1600 квадрат метр және негiзгi ғимаратқа галерея-өткелi бар №1 ОМ жапсаржайы орналастын жерде iргетасының орны дайындалған. Жер асты сулары жақын болуына байланысты құрылысшылар негiзiн орнатып, гидроизоляция жасаулары қажет. Объектiнi тапсыру мерзiмi — келесi жылдың мамыры.

Абылай хан даңғылында заманауи тұрғын үй кешенiнiң құрылысы салынуда. Мұнда 700 пәтерге арналған 3 көппәтерлi үй болады. Қыркүйекте 185 пәтерлi үй пайдалануға берiледi, бүгiнгi таңда онда «7-20-25» мемлекеттiк бағдарламасы бойынша тұрғын үйдiң 80% жүзеге асырылған.

Облыс әкiмi әрбiр объектiнiң өңiр үшiн маңызы зор екенiне назар аудартып, мердiгерлер алдына құрылыс қарқынын төмендетпеу мiндетiн жүктедi.

      

Мақаланың шыққан күні: 07.08.2019
Қаралым саны: 207

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіз қандай санатқа жатасыз?