Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 386.82
EUR | KZT 428.67
RUB | KZT 5.86
Көкшетау қ.
19 °C
2019 ж. тамыздың 19
Еңбекте сәттілік тілейміз

Халқымыздың салт-дәстүрiн, ұлттық болмысын паш еткен Ұлыстың Ұлы күнi ару шаһарымыз Көкшетауда да биыл өзiндiк сән-салтанатымен мерекелiк рухта өттi. Әсiресе, 21 наурыз күнi Тәуелсiздiк алаңында болған театрландырылған қойылым көпшiлiктi жақсы әсерге бөледi. Қала тұрғындары мен меймандары концерттiк бағдарламаны тамашалаумен бiрге бесiкке салу, тұсаукесер рәсiмдерiнiң де куәгерi болып, ақшаңқан киiз үйлердi аралап, наурыз көжеден дәм татты. Жастар жағы алтыбақанда тербелiп, спорт алаңдарында ептiлiктерiн сынға салды.

Жыл сайын киiз үй құрып, мерекенi қызықтауға келген жерлестерiмiздi қонақжайлықпен қарсы алуда белсендiк таныта бiлген «Көкшетау минералды сулары» акционерлiк қоғамына, «ENKI», «Grand Royal Bottlers», «Көкше Энерго», «Алма ТВ» жауапкершiлiгi шектеу-

лi серiктестiктерiне, облыстық денсаулық сақтау басқармасына, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiне, «Қазақстан темiр жолы» акцио-

нерлiк қоғамының филиалы — Ақмола темiр жол бөлiмшесiне, Ауған соғысының ардагерлерi мен мүгедектер одағына, Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасына, Красный Яр селосындағы спорттың ұлттық түрлерi бойынша балалар мен жасөспiрiмдер арасындағы олимпиада резервi мектебiне, №1, 4, 6, 8, 11, 13, 14, 16, 17, 18, 19 орта мектептерге, М.Ғабдуллин атындағы №3 орта мектепке, №5 мектеп-гимназиясына, гуманитарлық-техникалық лицейге, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетiне, Көкшетау техникалық институтына, жоғары техникалық мектепке, «Көкшетау», «Достар» мәдениет сарайларының шығармашылық ұжымдарына, Ш.Құсайынов атындағы қазақ драма театрына, Көкшетау қаласының тiлдердi оқыту орталығы мен кiтапханалар жүйесiне, облыстық iшкi iстер департаментiне, құрылыс-техникалық колледж ұжымдарына Көкшетау қаласының әкiмi Ермек Маржықпаевтың атынан ризашылығымызды бiлдiрiп, еңбекте толайым табыс, өмiрде сәттiлiк пен қуаныш тiлеймiз.

Көкшетау қаласы әкiмiнiң
баспасөз қызметi.

Мақаланың шыққан күні: 28.03.2017
Қаралым саны: 279

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіздің жасыңыз?